Ақтауда дабыл қағылады
Қысқа сілтеме алу
25-26 ақпан күндері қала аумағында «Көктем–2020» командалық-штабтық оқу-жаттығуын ұйымдастыру жоспарланған
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Ақтау қаласында дабыл қағылады, деп хабарлады Lada.kz.
«25 ақпан күні сағат 10:00-да электрсиренасын іске қосу арқылы, қала бойынша дабыл қағу жоспарланған. Сондықтан да азаматтарды сабыр сақтап, алаңдамауға шақырамыз», — делінген Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз мәлімдемесінде.
Alau.kz порталының хабарлауынша, Қостанай облысында да «Көктем–2020» командалық-штабтық жаттығуы өтіп, дабыл қағылады.
Айта кетсек, «Көктем–2020» командалық-штабтық жаттығуы аясында мемлекеттік басқару органдары мен азаматтық қорғаныс жүйесі күштерінің көктемгі су тасқыны мен өзге де төтенше жағдайларға дайындығы пысықталады.
sputniknews.kz