Түркістан облысында бөлімнен қашып кеткен әскердің ауылдастары: Бұл жайтқа сенбейміз — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысының Ордабасы ауданы Қайнар ауылында тұратын сарбаздың жақындары Абылайдың мұндай қылмысқа барғанына сенбейді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

әскер

Ордабасының Қайнар ауылында негізінен бір атаның балалары тұратын көрінеді. Шағын ауылдан шыққан Абылайдың елді шулатқан жағдайынан жұртшылық хабардар болғанымен, қайғырып отырған отбасыға қатысты мәселені айтып отырғандар аз. Әкесі де тергеу жүріп жатыр, мен не деп айтамын дегеннен басқа сыр ашпады.  Ұлының құмар ойынға қатысын да, қарулы ұрлағанын да сөз еткізі келмеді. 

«Жаман күйде болдық, мұндайға сене алмадық»,- дейді ауыл тұрғыны. 

Ал әскери бөлімде түнгі кезекшіліктен тастай қашып, оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды қолды етті деп күдікке ілінген Абылай Балғынбай оқыған колледж ұстаздары бұл ақпаратттан абдырап қалдық дейді. Оқу үлгерімі де жаман болмаған еді деп қосты оқытушылар. 

«Ақшаға бейім балалардың қатарына қосылмаған, колледждің ережелерін бұзбаған студент болатын», — «Жол-көлік» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Берік Ешімов. 

Бейресми ақпарат бойынша, Алматыда ұсталуы мүмкін күдіктіден өзге басқа адамдардың да осы қылмысқа қатысы бар екендігінің анықталуы ғажап емес. 

Еске салайық, Шымкентте қару асынған әскер бөлімнен кетіп қалғаны жайлы айтылған еді. Көп ұзамай 30 қаруды ұрлаған әскер қолға түскен. 

stan.kz