Полиция Қордай ауданының азаматын ұстады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

23 0 0

Жақын арада Жамбыл облысы Қордай ауданында ұсталған азаматқа қатысты қатаң жаза қолданылады

АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. 2020 жылдың 11-29 ақпан аралығында Жамбыл облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шараcы өткізіліп, алғашқы он екі күнде 105 қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды polisia.kz.

«Тексеріс кезінде полиция бірқатар заңбұзушылық анықтады. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау немесе алып жүргені үшін жеті адам ұсталып, үш жарым келі есірткі тәркіленді. Ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген алты күдікті ұсталды», — делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы қылмыстық қудалау органына барудан бас тарқан Армения азаматының мекенжайы анықталды. Қоғамдық тәртіпті бұзатын 4000-нан аса әкімшілік құқық бұзуышылық тіркелген.

Басылым хабарлауынша, мас күйінде көлік басқарғаны үшін 29 адам жауапқа тартылды. Сонымен қатар, полиция Қырғыз Республикасында тіркелген автокөлікті басқарған 35 жастағы Қордай ауданының азаматын ұстады.

Тағы оқыңыз: Сапарбаев Қордайдағы оқиғадан кейін мектеп директорларына шүйлікті

Сот шешімімен мас күйінде көлік басқарған бұрын сотталған құқық бұзушыға жеті жылға автокөлік жүргізу құқығынан айыру түріндегі қатаң жаза қолданылады.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша жүргізушінің көлікті алкогольдік, есірткілік және (немесе) мас күйде басқарғаны үшін он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.



sputniknews.kz