Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды
22 ақпанда президент жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды деп хабарлады Ақорда.
Кәлетаев бұған қоса, Қазақстанның Иордания, Ирак және Палестинадағы елшісі болып тағайындалған.
Кәлетаев 2019 жылы наурыз бен желтоқсан айларында президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған. Қалетаев бұл қызметке наурыз айында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетіп, орнына Қасым-Жомарт Тоқаев келгеннен кейін тағайындалған еді. Ол 2018 жылдың шілде айы мен 2019 жылдың ақпан айы аралығында қоғамдық даму министрі болған.
Еңбек жолын 1995 жылы бастаған ол әр жылдары президент әкімшілігінде, «Нұр Отан» партиясында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет еткен. 2016 жылдың қазан айында парламент сенатының депутаты болған.
Оқи отырыңыз: Бозымбаев президент көмекшісі болды, Қалетаев қызметінен кетті