Қазақстанда 23 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

23 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Ресей, Беларусь және Қазақстан журналистерінің Нұр-Сұлтанға баспасөз-туры басталады. Ұйымдастырушы – ММУ-дің посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы. Бұл «Еуразия көпірі» жобасы аясында өткелі отырған алғашқы шара. Жоба мақсаты – еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің негізгі бағыттары мен перспективалары, ЕАЭО құрылымдарының қызметі туралы ақпарат беру.

Баспасөз-туры бағдарламасы аясында журналистер Еуразия банкіне, «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, тұңғыш президент кітапханасына, тұңғыш президент музейіне барады. ЕҰУ алаңында 25 ақпанда жергілікті сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Тақырыбы: Жаңа онжылдықтағы ЕАЭО: даму перспективалары.

2020 жылдың сәуірінде осыған ұқсас баспасөз-туры Мәскеуде өтеді және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылады. Ал маусым айында қатысушылар Беларуське барып, елдің ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесі мен оны ЕАЭО аумағында қолдану мүмкіндігін зерттейді. Баспасөз-туры 28 ақпанға дейін созылады (Аккредитация: +7 (985) 687 73 31 немесе [email protected]).

11.00 – Генерал-майор И.В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі өткізіледі. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, елшілік қызметкерлері, сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, кеден қызметтері қатысады. Сондай-ақ, салтанатқа Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды («Жерұйық» саябағы. +7 (7172) 44 07 97, +7 776 185 96 80).

12.00 –»Музыкальное разноголосье» концерті ұйымдастырылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефондары: +7 (7172) 70 96 19,  + 7 (7172) 70 95 94 ).

17.00 – «Евгений Онегин» операсы қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев даңғылы, 1)

АЛМАТЫ

09.00 – Қысқы жүгіру ұйымдастырылады. Бұл Алматы марафонына дайындық аясындағы биылғы алғашқы жарыс. Оған 1500 әуесқой спортшы қатысады. Жарыс қаланың ең үлкен даңғылының бойында өтеді. Жолдар 3 сағатқа – 08.30-дан 11.30-ға дейін жабылады. Қатысу тегін (Жарыс «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталады).

12.00 – «Шетелдегі жеке мектептер» көрмесі өтеді. Халықаралық білім көрмесіне 15 елдің жеке мектептерінің өкілдері қатысады («Ritz Carlton Almaty» отелі, әл-Фараби даңғылы, 77/7).

16.00 – «Британское вторжение: английские группы покоряют мир» дәрісі болады (Hard Rock Cafe Almaty, Қарасай батыр көшесі, 85).

18.00 – «Подари детям жизнь» атты Qurmangazy Orkestri концерті өткізіледі (Qurmangazy Orkestri («Қазақконцерт» бұрынғы концерт залы), Абылай хан даңғылы, 83).

25 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Ресей, Беларусь және Қазақстан журналистерінің Нұр-Сұлтанға баспасөз-туры аясында «Жаңа онджылдықтағы ЕАЭО» дөңгелек үстелі өтеді. Шара «Еуразия көпірі» жобасы аясында болады (Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мәжіліс залы. Аккредитация: +7 (985) 687 73 31 немесе [email protected]).

АЛМАТЫ

10.00 – Үнді халқының көрмесі ұйымдастырылады («Атамекен» көрме орталығы).

10.00 – Халықаралық Startup бағдарламасы аясында венчурлық көрме болады («DoubleTree by Hilton Almaty» отелі, Досмұхамедов көшесі, 115. Байланыс телефоны: +7 778 221 52 45).

26 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – «Пианисты правят бал» концерті өткізіледі («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

27 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – «Көпғасырлық символизм» көрмесі ұйымдастырылады (Ұлттық музей. Байланыс телефоны: +7 (7172) 91 90 35).

19.00 – «Манон» балеті қойылады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15.00 – Туристік көпсайыс бойынша Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді (Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, «Звездный» балалар орталығы).

АЛМАТЫ

17.00 – «Мартин Лютер Кинг: Король без королевства» фильмі көрсетіледі (American Space Almaty, Байзақов көшесі, 280).

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – «Музыкальные встречи в столице» концерті болады («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

18.00 – «Astana Ballet presents» жобасы ұйымдастырылады. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді – «Concerto Barocco», «A Journey of Memory», «Love’s Lost Idols» («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – «Шектеусіз» қайырымдылық байқауы өткізіледі. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

12.00 – «Біз Алматы» жобасының жабылу фестивалі өтеді. Фестиваль күні бойы болады және бірнеше зонаға бөлінеді (Q-lab қалалық жобалар зертханасы, Абай даңғылы, 90).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз