«Халық банк» басшысының ұлы Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды — Қазақстан жаңалықтары
Сәкен Шаяхметов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сәкен Бейімбетұлы Шаяхметов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды», — делінген бейсенбіде таратылған хабарламада.
2018 жылғы желтоқсаннан бастап Шаяхметов премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары болды, бұған дейін 2017-2018 жылдары үкімет басшысының кеңесшісі қызметін атқарды.
Сәкен Шаяхметов — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың ұлы.
stan.kz