Ақтөбеде ірі базарлар бір күнге жабылады – Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбеде бүгіннен бастап ірі базарлардың барлығы кезек-кезегімен бір күнге жабылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қазақстан» ұлттық арнасына сілтеме жасап.

актобе

Оның себебі коронавирусқа қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Оған саудагерлер де түсіністікпен қараған. Одан бөлек халық көп шоғырланған жерлерде кезікте рет індетке қарсы оқу жаттығулары өтпек. 

Ақтөбедегі коммуналдық базарында әншейінде халық толы сауда орнында бүгін жан баласы жоқ, тек арнайы киім киген мамандар ғана зарарсыздандыру жұмысынтарын жүргізіп жатыр. Айтуларынша, бұл дәріден адам денсаулығына келетін зиян жоқ. Қоймаларда препараттар жеткілікті көлемде.

«Зарарсыздандыру жұмыстары кедендік одақ ауданында рұқсат етілген препараттармен жасалып жатыр. Доза көлемі қатаң сақталады. Бізде коронавирусқа қарсы хлорлі таблеткалар мен сұйық дәрілер жеткілікті», – дейді зарарсыздандыру жұмысын жүргізетін мекеме өкілі Владимир Ельфимов.

Зарарсыздандыру жұмыстары кезең-кезеңмен басқа да сауда орындарында жүргізіледі. Тұрғындар арасында алаңдаушылықтар жоқ. Медициналық бетперделерге сұраныс көп емес.

«Бүгінгі таңда қаладағы коронавирус инфекциясына орай облыс орталығында да жұмыстар жүргізілуде. Ақтөбе қаласының тұрғындарына алдын алу шаралары бойынша халық көп жиналатын жерлерде сақтық шараларын ұмытпауды сұраймыз. Дезинфекция жұмыстары бүгін «Табыс» коммуналдық базарында басталды»,- дейді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекші маманы Венера Жоланова.

Мамандар әсіресе шетелдерге шығатын тұрғындарға сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді. 

Алдағы тәуліктерде қаланың өзге де ірі базарларында дезинфекция жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар әуежай мен теміржол вокзалында оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз