20 ақпан шаралар: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

20 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

«Ода венской классике» концерті. Вена консерваториясының түлектері – Айгүл Шәмшиденова (сопрано) және Елизавета Сергеева (меццо-сопрано), контртенор Батыржан Смаков Вена мектебі композиторларының шығармаларын орындайды. Олармен бірге аспапшы музыканттар да өнер көрсетеді («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.30 – «Women in Business» форумы. Ұйымдастырушы – «Атамекен» іскер әйелдер кеңесі. «Women in Business» – жаңа форматтағы диалог алаңы, онда бизнес ортаны дамытудың проблемалық тақырыптары, соның ішінде әйелдер кәсіпкерлігі, экономикалық саясат, салаға мамандану, ШОБ және тағы басқа мәселелер талқыланады. Әр салада көш бастаған әйелдер өз тәжірибесімен бөлісіп, сұрақтарға жауап береді (Doubletree by Hilton Almaty қонақ үйі, Досмұхамедов көшесі, 115. Аккредитация: +7 701 777 9806 немесе g.tokisheva@pressclub.kz электронды поштасы).

21 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – Ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру бойынша үкімет сағаты (парламент сенаты).

АЛМАТЫ

9.30 – «Mining Club: Юниорлардың геологиялық барлауы» форумы. Шараға тау-кен металлургия және геологиялық барлау кәсіпорындарының 100-ден аса басшылары мен мамандары, Қазақстанның бейінді ведомстволарының өкілдері, консультанттар мен тәуелсіз сарапшылар қатысады. Форумның мақсаты – юниорлық компаниялар нарығын дамыту, бизнес жүргізу, салаға инвестиция тарту, бәсекеге қабілеттікті арттыру («Novotel Almaty» қонақ үйі, Достық даңғылы, 104А).

22 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Almaty Symphony Orchestra: «Вивальди & Пьяццола – Времена года» концерті («Қазақстан» орталық концерт залы. Аккредитация: +7 747 134 04 99, aurorapr.me@gmail.com).

АЛМАТЫ

11.00 — Almaty Illustration Fair 2020 иллюстраторлар фестивалі болады (Almaty Gallery сурет галереясы, Достық даңғылы, 44).

23 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Ресей, Беларусь және Қазақстан журналистерінің Нұр-Сұлтанға пресс-туры басталады. Ұйымдастырушы – ММУ-дің посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық-саяси процестерді зерттеу жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы. Бұл «Еуразия көпірі» жобасы аясында өткелі отырған алғашқы шара. Жобаның мақсаты – еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің негізгі бағыттары мен перспективалары, ЕАЭО құрылымдарының қызметі туралы ақпарат беру.

Пресс-тур бағдарламасы аясында журналистер Еуразия банкіне, «Астана» халықаралық қаржы орталығына, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, тұңғыш президент кітапханасына, тұңғыш президент музейіне барады.

ЕҰУ алаңында 25 ақпанда жергілікті сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Тақырыбы: Жаңа онжылдықтағы ЕАЭО: даму перспективалары.

2020 жылдың сәуірінде осыған ұқсас пресс-тур Мәскеуде өтеді және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орайластырылады. Ал маусым айында қатысушылар Беларуське барып, елдің ауыл шаруашылығын дамыту тәжірибесі мен оны ЕАЭО аумағында қолдану мүмкіндігін зерттейді.

Пресс-тур 28 ақпанға дейін созылады (Аккредитация: +7 (985) 687 73 31 немесе aleks.perminova@gmail.com).

11.00 – Генерал-майор И.В. Панфиловтың ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі. Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, елшіліктің қызметкерлері, сауда өкілдігі, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, кеден қызметтері қатысады. Сондай-ақ, салтанатқа Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстан соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан әкімдігі, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан елшіліктерінің қызметкерлері шақырылды («Жерұйық» саябағы). +7 (7172) 44 07 97, +7 776 185 96 80).

17.00 – «Евгений Онегин» операсы («Астана Опера» театры, Қонаев даңғылы,  1)

АЛМАТЫ

09.00 — Қысқы жүгіру. Бұл Алматы марафонына дайындық аясындағы биылғы алғашқы жарыс. Оған 1500 әуесқой спортшы қатысады. Жарыс қаланың ең үлкен даңғылының бойында өтеді. Жолдар 3 сағатқа — 08.30-дан 11.30-ға дейін жабылады. Қатысу тегін (Жарыс «Нұрлы Тау» бизнес орталығынан басталады).

12.00 – «Шетелдегі жеке мектептер» көрмесі. Халықаралық білім көрмесіне 15 елдің жеке мектептерінің өкілдері қатысады («Ritz Carlton Almaty» отелі, әл-Фараби даңғылы, 77/7).

25 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Ресей, Беларусь және Қазақстан журналистерінің Нұр-Сұлтанға пресс-туры аясында «Жаңа онджылдықтағы ЕАЭО» дөңгелек үстелі. Шара «Еуразия көпірі» жобасы аясында өтеді (Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, мәжіліс залы. Аккредитация: +7 (985) 687 73 31 немесе aleks.perminova@gmail.com).

АЛМАТЫ

10.00 – үнді халқының көрмесі («Атамекен» көрме орталығы).

29 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 — «Astana Ballet presents» жобасы. Бағдарламаға неоклассикалық стильдегі үш бір актілі балет кіреді — «Concerto Barocco», «A Journey of Memory», «Love’s Lost Idols» («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Байланыс телефондары +7 702 947 80 53, + 7 776 153 79 78).

АЛМАТЫ

09.00 – «Шектеусіз» қайырымдылық байқауы. Барлық ақша концерт алаңын жалға алуға, сыйлыққа жұмсалады. Байқауға мүмкіндігі шектеулі адамдар қатысады, олар өз қабілеттерін 4 номинацияда көрсетеді: вокал, аспаптық шеберлік, хореография және арт-өнер (Grand Park, Қабдолов көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 747 647 22 06).

12.00 – «БізАлматы» жобасының жабылу фестивалі. Фестиваль күні бойы болады және бірнеше зонаға бөлінеді (Q-lab қалалық жобалар зертханасы, Абаяй даңғылы, 90).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz