Алматы әкімі коронавирус жайлы: Бәрі жақсы болады

0

Сағынтаев коронавирустың алдын алу жұмыстары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтті

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халыққа есеп беру жиынына келген Алмалы ауданының тұрғыны коронавирустың алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Біз бірінші күннен бастап жұмысқа кірістік. Әкімдікте қала басшысы орынбасарының төрағалығымен жұмыс тобы құрылды», — деді әкім.

Алматыда барлық жұмыс Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес жүргізіліп жатыр. Ұшақ бортында, әуежай аумағында тексеру шаралары қолға алынған.

Сағынтаев: 13 миллион теңгеге дейінгі қарыз жылдық 5% жеңілдікпен беріледі 

Сондай-ақ, әкім мегаполисте дәрілік заттардың жеткілікті қоры бар екенін айтты.

Қала әкімі медициналық бетперделердің сатылып кеткені жайлы ақпарат тарағанын атап өтті. Осы ретте бетперде өндірісінің көлемін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Қалада  медициналық бетперде жеткілікті.

«Біздің кәсіпорындар 3 ауысымда жұмыс істеді. Қазір бетперде жеткілікті. Бұл тұрғыда мәселе жоқ. Бізге Қытайдан келгендердің барлығын мекенжайы, аты-жөні бойынша тексердік. Дене қызуы бар адамдарды коронавирусқа тексердік. Жағдай қалыпты. Бәрі жақсы болады», — деп түйіндеді әкім.

sputniknews.kz