«Бәйтерек» холдингінің басшылығы жалақылары жайлы айтудан бас тартты — Қазақстан жаңалықтары

0

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг басшысының орынбасары Әнуар Омарходжаев өзінің жалақасы туралы айтудан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі SputnikҚазақстанға сілтеме жасап. 

Омарходжаев

Сурет: sputniknews.kz сайтынан

«Өте қызық сұрақ. Оған былай деп жауап берді. Үкімет бекіткен тұрақты жалақым бар. Бірақ оны сіздерге айта алмаймын. БАҚ туралы заңды білесіздер ғой. Сол себепті жалақым жайлы ашып айта алмаймын», — деді Омарходжаев. 

Бұған қоса ол өзінің қол астындағы қызметкерлердің айлық табысы мен сыйақылары жайлы айтқысы келмеді. 

Квазимемлекеттік құрылымның басшыларының бірі Омарходжаев үкіметтің бекіткен жарлығын алға тартты. Айтуынша, жалақы мен сыйақы мөлшерін мемлекет бекітеді. 

 

 

 

 

stan.kz