Қай облыстарда жол жабық
Қысқа сілтеме алу
Құтқарушылар қазақстандық жүргізушілерге боранға байланысты алыс жолға шықпауға, жылдамдық режимін сақтауға кеңес береді
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Бұрқасын, көктайғақ және жолдың нашар көрінуіне байланысты республикалық маңыздағы автожолдардың 52 учаскесінде қозғалыс тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Нұр-Сұлтанда төрт бағытта автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды:
- Нұр-Сұлтан — Павлодар;
- Нұр-Сұлтан — Қарағанды;
- Нұр-Сұлтан — Щучье;
- Нұр-Сұлтан — Атбасар.
Қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Республика бойынша шектелген жол қозғалысы картасы
Ақмола облысында 19 учаскеде көліктің барлық түрі үшін жол жабылды:
- Екатеринбург – Алматы, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Жақсы кентіне дейін;
- Жезқазған – Петропавл, Қостанай облысының шекарасынан Знаменка кентіне дейін;
- Қостанай — Әулиекөл – Сұрған, Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін;
- Жақсы — Есіл – Бұзылық, Есіл қаласынан Бұзылық ауылына дейін;
- Нұр-Сұлтан — Ерейментау – Шідерті, елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін;
- Жақсы — Есіл – Бұзылық, Жақсы кентінен Есіл қаласына дейін;
- Екатеринбург – Алматы, Жақсы кентінен Атбасар қаласына дейін;
- Щучье – Зеренді, Шучье қаласынан Зеренді ауылына дейін;
- Щучье – Атбасар, Көкшетау қаласынан Атбасарға дейін;
- Нұр-Сұлтан – Петропавл, елордадан Щучьеге дейін;
- Алматы – Екатеринбург, Нұр-Сұлтаннан Теміртауға дейін;
- Екатеринбург – Алматы, Атбасардан Нұр-Сұлтанға дейін;
- Макинск — Ақсу – Торғай, Макинсктен Торғайға дейін;
- Көкшетау – Омбы, Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
- Көкшетау – Рузаевка, Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
- Нұр-Сұлтан – Петропавл, Щучьеден Көкшетауға дейін;
- Нұр-Сұлтан – Петропавл, Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
- Нұр-Сұлтан — Қабанбай Батыр — Киевка – Теміртау, Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейін;
- Нұр-Сұлтан – Қорғалжын, Ақмол ауылынан Қорғалжын қорығына дейін;
Ақтөбе облысында Комсомольское ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі Қарабұтақ – Комсомольское – Қостанай облысының шекарасы учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабық.
Қарағанды облысында 8 учаскеде барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды:
- Жезқазған – Петропавл, Ұлытау кентінен Қостанай облысының шекарасына дейін;
- Алматы – Екатеринбург, Теміртаудан Ақмола облысының шекарасына дейін;
- Қызылорда – Павлодар, Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейін;
- Нұр-Сұлтан — Қабанбай батыр — Нұра – Теміртау, Нұра кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін;
- Алматы – Екатеринбург, Жұмабек ауылынан Акқсу-Аюлы ауылына дейін;
- Алматы – Екатеринбург, Қарағандыдан Теміртауға дейін;
- Қарағанды — Аягөз – Бұғаз, Қарағандыдан Қарқаралыға дейін;
- Қалқаман — Баянауыл — Үміткер – Керней, Ботақара кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін.
Қостанай облысында 6 учаскеде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылды:
- Қостанай — Әулиекөл – Сұрған, Қостанайдан Ақмола облысының шекарасына дейін;
- Жезқазған – Петропавл, Қарағанды шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
- Мәмлүт – Қостанай, Тобылдан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
- Екатеринбург – Алматы, Тобылдан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін;
- Қостанай – Қарабұтақ, Рудныйдан Ақтөбе облысының шекарасына дейін;
- Денисовка — Жітіқара — Мүктікөл – Ресей шекарасы, Денисовка кентінен Ресей шекарасына дейін.
Павлодар облысында 4 учаскеде көліктің барлық түрі үшін жол жабылды:
- Нұр-Сұлтан — Ерейментау – Шідерті, Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін;
- Ленинский – Ертіс – Ресей шекарасы, Ленинский кентінен Ресей шекарасына дейін;
- Қызылорда – Павлодар, Екібастұздан Қарағанды облысының шекарасына дейін;
- Омбы – Майқапшағай, Павлодарское ауылынан Ресей шекарасына дейін.
Тағы оқыңыз: Түркістанда дабыл қағылды
Солтүстік Қазақстан облысында 10 учаскеде қозғалыс тоқтатылды:
- Екатеринбург – Алматы, Ақмола облысының шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
- Жезқазған – Петропавл, Ақмола облысының шекарасынан Новоишимское ауылына дейін;
- Көкшетау – Рузаевка, Саумалкөл ауылынан Рузаевка ауылына дейін;
- Мәмлүт – Қостанай, Пресновка ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
- Тимирязево – Сарыкөл, Тимирязево ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
- Булаево – Рощинское, Молодогвардейское ауылынан Рощинское ауылына дейін;
- Волошинка – Тимирязево, Волошинка ауылынан Тимирязево ауылына дейін;
- Жезқазған – Петропавл, Новоишимское ауылынан Покровка ауыылына дейін;
- Челябі – Новосібір, Петропавлдан Ресей шекарасына дейін;
- Көкшетау – Омбы, Ақмола облысының шекарасынан Ресей шекарасына дейін.
ІІМ төтенше жағдайлар комитеті азаматтарға ауа райы болжамымен танысып, SMS хабарламаларды оқып отыруға кеңес береді. Жүргізушілер жылдымдық режимін сақтап, алыс жолға шықпағаны абзал.
sputniknews.kz