Қарағандыда сырттан үйіне келген ер адам жантүршігерлік қылмыстың үстінен түскен
Қарағанды облысының тұрғыны әйелі көршісінің үш жасар қызын пышақтап өлтіргенін полицияға хабарлаған
НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысында көршісінің 3 жастағы қызын 15 рет пышақтап өлтірген әйел 20 жылға сотталды. Мұндай шешімді аймақтың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.
Жантүршігерлік оқиға былтыр қараша айында Сәтбаев қаласының Вольный ауылында болған. Ата-анасы әдеттегідей көршілеріне бүлдіршінді қарай тұруға қалдырып жаңа пәтерлерін жөндеуге кетеді. Сол күні 3 жастағы бала ойнап жүріп DVD-плеерді құлатып алған. Осы үшін көршінің қолынан қаза тапқан, деп хабарлады «Астана» арнасы.
Кәсіпкерді отбасымен қырып салды: БҚО-дағы қылмыстың мән-жайы белгілі болды
Тергеу материалдарына сүйенсек, 35 жастағы әйелдің баланы 15 рет пышақтаған. Қатігездігі сонша, өтпейтін пышақты өткіріне ауыстырып соққысын жалғастырған. Ол кезде айыпталушы мас болған. Сұмдық оқиғаны полицияға сырттан үйіне келген күйеуі хабарлаған. Әйел бар кінәсін мойындағанымен сотта өз әрекетіне қатысты қандай да бір жауап беруден бас тартты.
«Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 3,5,14-ші тармақтары, яғни «көрінеу кәмелеттік жасқа толмаған адамның дәрменсіз күйін пайдалана отырып аса қатыгездікпен өлтіру» дерегі бойынша Казанцеваға қатысты үкім шығарылды. Казанцева кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деп үкімді оқыды Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бекзат Шалғымбаев.
Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.
Көптің көкейінде «ата-анасы баласын мас әйелге қалай сеніп тапсырды?» деген сұрақ қалды. Сотта олар қызды қалдырған кезде көршісінің сау болғанын айтқан. Алайда бұл деректің рас-өтірігін ешкім білмейді.
sputniknews.kz