Жануарлар қорғаушысына көмек қолын созған орангутан жұртты сүйсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

Борнео аралында жануарлар қорғаушысы осы ауданда тұратын маймылдарды қауіпсіздендіру үшін жыландарды аулаған. Осы кезде орангутан адамға көмектескісі келіп, қолын созды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Суретті достарымен бірге сафариге келген фотограф Анил Прабхакар түсірген.

Алайда, ер адам маймыл қолын созған кезде, оны қабылдамаған. Фотограф не үшін мұны істегенін сұрағанда, ол бұл орангутанмен таныс емес екенін айтқан.

Әсерлі сәттің куәсі болған фотограф кейін суреттегі адамның Борнеодағы орангутандарды құтқару қорында жұмыс істейтінін анықтаған. Қордың қорғауында 650 примат бар.

Қор фотосуретті әлеуметтік желілерге жүктеген, бұл желі қолданушыларының таңданысын тудырды.

stan.kz