Ерлі-зайыптыны балталап өлтірген қылмыскер полицияның көз алдында жүрген

0

Тергеу басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, айыпталушы ет алмай қойған ерлі-зайыптыны өлтіріп, үйін өртеп жіберген

Ресейдің Кубань өңірінде алты жыл бұрын ерлі-зайыптыны балталап, үйін өртеп жіберген ер адамның ісі сотқа жіберілді, деп хабарлады РИА Новости ақпарат агенттігі.

Тергеу басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, айыпталушы ет алмай қойған ерлі-зайыптыны өлтіріп, зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен. Сосын қылмыс іздерін жасыру үшін үйді өртеп жіберген. Бұдан бөлек, ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін айыпталып отыр.

2014 жылы ақпан айында Краснодар өлкесінің Суворов ауылында екі адамды балталап тастады. Тергеу материалдары бойынша, айыпталушы ерлі-зайыптының үйіне барып, ет алуды ұсынған.

«Алайда отағасы ет алмаймын деген. Содан екеуінің арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Сол кезде үйде болған әйелі қолына балта ұстап, көмекке шыққан. Ал айыпталушы балтаны тартып алып, екеуін де балталап тастаған. Сосын денелерін үйге кіргізіп, от қойған», — делінген ресми ақпаратта.

Полиция қандықол қылмыскерді таба алмады. Содан 2018 жылы айыпталушы әкімшілік тәртіп бұзушылық үшін жергілікті полицияның уақытша ұстау мекемесіне тоғытылды. Сол кезде ол камераға кірген инспекторды бастан ұрып, қашып кетпекші болды.

Құқық қорғаушы жабық бас сүйек жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Дәл сол жылы ер адам аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдікке ілінді.

Тағы оқыңыз: 16 рет пышақ сұққан: шымкенттік мұғалімді кім және не үшін өлтірді

«Суворов ауылында ерлі-зайыптыны өлтірген адамды ұзақ уақыт таба алмады. Алайда 2018 жылы ер адамның осы қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді», — дейді тергеушілер.

sputniknews.kz