Ресейдің мәдениет қайраткерлері саяси тұтқындарға қолдау көрсетті

0

Ресейде жүзден астам жазушы, ақын, журналист, аудармашы, әдебиеттанушы, публицист, мәдениет және қоғам қайраткері ресейлік саяси тұтқындарға үндеу жолдап, қолдау білдірді.

Үндеудің толық мәтінін Colta.ru сайты жариялады.

«Жұма сайын жүздеген адам Мәскеу мен Петербургтегі метро станцияларында пикет өткізіп, сіздерге әділдік пен бостандық беруін талап етіп жатыр. Апталық пикеттер Ресейдің өзге қалаларында да дәстүрге айналып барады» делінген мәлімдемеде.

Үндеуге қол қойған азаматтардың айтуынша, жүздеген адам саяси тұтқындарға тағылған жалған айыптар мен әділетсіз сот үкімдері туралы ақпарат таратып, олардың бостандықтары үшін күш салады. Олар бұл қолдау хаттың тұтқындарға жететініне де үміт білдірген.

Ресейлік «Мемориал» құқық қорғау орталығы 64 адамды саяси тұтқындар қатарына кіргізген.

Оқи отырыңыз: Ресейде «Мәскеу ісі» бойынша айыпталған алты адам «саяси тұтқын» атанды

Azattyq