Таиландта 20 адамға оқ атып, адамдарды кепілдікке алған сарбазды атып өлтірді
Таиландта 20 адамға оқ атып, оннан астам адамды кепілдікке алған сарбазды қауіпсіздік күштері атып өлтірді. Джакрапант Томма есімді кіші шенді офицер 8 ақпанда буддистер храмына шабуыл жасап, Бангкоктан 250 шақырым жердегі Накхонратчасима қаласында сауда орталығында оқ атты. «Хау сот» басылымының хабарлауынша, оның алдында офицер үш сарбазды өлтіріп, әскери көлікті айдап кеткен.
Күдікті шабуыл күнделігін Facebook-та жариялап отырған. Жазбаларының бірінде «полицияға берілу қажет пе?» деп сұрақ қойған. Қазір оның аккаунты бұғатталды.
Офицер шабуылдаған сауда орталығын полиция мен арнайы жасақ қоршап, оған айналасындағы көшелерде қозғалыс тоқтаған. Полиция мергенді райынан қайтару үшін анасын да сауда орталығына әкелген. 32 жастағы сарбаз ғимараттың артынан қашып шықпақ болды деген де хабар тарады. Кейінірек полициямен атыста офицер көз жұмды. Оның шабуылдауының себебі белгісіз.