Қырғызстан Қордайдағы оқиғаға байланысты шара қолданды

0

Азияда

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Сортөбе және Масанчи ауылдары Қырғызстанның Тоқмоқ қаласына жақын орналасқан. Екі елдің шекарасындағы жағдай тұрақты

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан қырғыз шекарашылары қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды, деп хабарлады Қырғыз Республикасы мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанның Жамбыл облысындағы Сортөбе және Масанчи ауылдарында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалып, жаппай төбелес болғанын хабарлаған едік. Бұл ауылдар Қырғызстанның Шу облысындағы Тоқмақ қаласына жақын орналасқан. Қазақстан президенті жанжалды арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын атап өтті, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Қордайдағы төбелес: Тоқаев тәртіп бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің (МШҚ) баспасөз қызметі шекараның қырғыз-қазақ бөлігіндегі жағдай тұрақты екенін хабарлады.

«Шу облысының аумағымен шектесетін Қазақстанның Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдайдың ушығуына байланысты шекарада орналасқан өткізу пункттері мен МШҚ бөлімшелері қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды», — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Өңірлік полиция департаменті жағдайдың бақылауға алынғанын хабарлады.

Тергеу басқармасында қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр. 

Құқық қорғау органдары тек ресми ақпаратқа сеніп, жалған хабар таратпауға шақырды. 

Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. 



sputniknews.kz