Үйіне қонақ шақырған әйел отағасының бір сөзінен кейін аса ауыр қылмысқа барды

0

 

Әлемде

52 жастағы әйел қонақтардың көзінше тамағын сынаған күйеуін пышақтап өлтірді. Ол енді 15 жылға дейін  бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ресейдің Архангельск облысында ерлі-зайыпты арасында жанжал болып, әйел өз күйеуін пышақтап тастады. Бәріне тамаққа қатысты айтылған ескерту себеп болған, деп хабарлады РИА Новости.

Қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Корямже қаласында болды. 52 жастағы әйел өзінен екі жас үлкен күйеуімен бірге үйіне қонақ шақырған. Дастарқанға арақ-шарап қойылып, көңілді әңгіме айтылады. Бірақ отағасының бір сөзінен кейін отырыстың шырқы бұзылған.

«Ер адам әйеліне дөрекі сөйлеп, басқа тамақ пісіруің керек еді деп ескерту жасаған. Содан ерлі-зайыптының арасында жанжал шығады. Отағасы оның ернінен тартып жібереді. Ашуға булыққан әйел асүй пышағын алып, ер адамның кеудесіне сұғып алған. Үйдегі қонақтар бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер келгенше ер адам қайтыс болды», — делінген ресми хабарламада.

Ресей заңнамасына сәйкес, адам өлтіргені үшін 6-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотқа дейін күйеуін өлтірген әйел тергеу изоляторында отырады.

Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы 

sputniknews.kz