Теміртауда болған жағдайдан кейін министрлік тексеріс жүргізеді
https://sputniknews.kz/images/112/73/1127334.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/regions/20200202/12721137/Temirtau-ministrlk-tekseris-video.html
Видео әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде жарияланған. Бұдан соң министр Мырзағалиев тексеріс жүргізіліп, қорытындысы жарияланатынын хабарлады
АЛМАТЫ, 2 ақпан — Sputnik. Теміртауда қара қар жауды. Бұл жағдайдан кейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаладағы кәсіпорындарды тексеретін болады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
«Экология департаменті қаладағы кәсіпорындардың мәліметін тексеріп, олардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын азайту шараларын қолға алады», — деп жазды Мырзағалиев.
Оның айтуынша, тексеріс қорытындысы халыққа жеткізілетін болады.
Сенбі, 1 ақпан күні жауған қара қардың видеосы Instagram-дағы Temirtau.city паблигінде жарияланған болатын.
sputniknews.kz