Қазақстанда 3 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

3 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді. Жиында 24 қаңтар күні үкіметтің кееңейтілген отырысында мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындау барысы сөз болады (аккредитация: 8 (7172) 74 58 64, 75 00 10 немесе  [email protected]).

15.00 – сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мүшелерінің «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ басшылығымен кездесуі (Мәңгілік ел даңғылы, 2).

АЛМАТЫ

14.30 – «Гарри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының қазақ тілінде шығарылуына арналған баспасөз-конференциясы. Бұл – танымал британ жазушысы Джоан Роулинг жазған шығарманың қазақ тіліндегі алғашқы нұсқасы. Баспасөз-конференциясы кезінде кітапты қазақ тіліне аудару идеясының тарихы және келісімдердің қалай жүргізілгені жайында айтылады. Гарри Поттер туралы кітаптардың қазақ тіліндегі нұсқасын шығару құқығына тек Steppe & WORLD Publishing баспасы ғана ие. (Қазақстандық баспасөз клубы, «Самал 2» шағын ауданы, 58. Аккредитация +7 747 262 20 63 телефоны немесе [email protected] электронды поштасы арқылы жасалады).

19.00 –»Жаңбыр астындағы шоу» би қойылымы. Хореограф — Рустам Надыршин (Студенттер сарайы, Әл-Фараби даңғылы, 71).

4 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

09.00 – «Татарстан Республикасының өнім өндірушілерінің қатысуымен машина жасау саласын дамыту саласындағы ынтымақтастық» форумы (Hilton Garden Inn қонақ үйі).

10.00 – ерлер мен әйелдер арасында пара дзюдодан Қазақстан чемпионаты. Дүбірлі додаға халықаралық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады (Паралимпиада жаттығу орталығы, Қараөткел шағын ауданы, Ақшоқы көшесі, 2. Аккредитация бойынша: +7 701 999 41 92; 79-04-13 (ішкі нөмір 112) немесе [email protected]).

10.00 – Ұлттық ғылыми онкология орталығында ашық есік күні. Шара Бүкіләлемдік қатерлі ісік ауруларымен күрес күніне орайластырылған (Ұлттық ғылыми онкология орталығы. Аккредитация: [email protected] немесе +7 747 756 59 54).

15.00 – сауда және интеграция министрлігінің алқасы. Жиында министр Бақыт Сұлтанов баяндама жасайды (Сауран көшесі, 44, «Астана-ЭКСПО-2017» конгресс-орталығы. Аккредитация: [email protected] және [email protected]).

15.00 – «Анна Франк. Тарих сабақтары» атты Анна Франк күнделігінің қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылады. Шара Холокост құрбандарын еске алу күніне арналады. Ұйымдастырушы: Израиль мен Нидерланд елшіліктері, сондай-ақ, Steppe&World баспасы. Анна Франк (Anna Frank, толық аты — Аннелиз Мари) 1929 жылы 12 маусым күні Франкфурт қаласында (Германия) еврей отбасында дүниеге келген. Билікке Гитлер келгеннен кейін Нидерландқа қашуға мәжбүр болды. Онда да тығылуға тура келген. Аннаның әкесі жасырын баспана жасап, соған қызын отырғызып кетеді. Кішкентай қыз ол жерде 25 ай өткізіп, барлығын күнделігіне жазып отырды. Артынан ұсталып, Берген-Бельзен концлагеріне жіберілді. 1945 жылы Анна концлагерьде сүзектен қайтыс болды. Оның күнделігі алғаш рет 1947 жылы «Жас қыздың күнделігі» деген атауымен жарыққа шықты. (Тұңғыш президенттің кітапханасы. Аккредитация +7 (7172) 703 416, +7 707 573 0707 телефондары немесе [email protected] электронды поштасы арқылы жасалады).

5 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.30 – Қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған «Қазағым-ай» концерті ұйымдастырылады. Кеш кезінде Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, Ардақ Балажанова сынды танымал әншілер өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, Ерболат Шалдыбеков, Дінисламбек Жайлаубай, Ақерке Тәжібаева, Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан, Күнсұлу Түркпен, Нұрлытаң Ермек және тағы басқа орындаушылар сахнаға шығады («Қазақстан» ОКЗ, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

19.30 – Симфониялық музыка кеші. Концерт кезінде Нұр-Сұлтан әкімдігіне қарасты Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі өнер көрсетеді (Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, Республика даңғылы, 2).

АЛМАТЫ

Әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты (екінші тур). Чемпионақта бес команда қатысады. Олар: «Айсұлу» (Алматы), «Барс» (Алматы облысы), «Жұлдыз» (Алматы), «Томирис» (Нұр-Сұлтан), «Торпедо» (Өскемен). (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Абай даңғылы, 44. Байланыс телефоны: +7 777 481 47 47).

6 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

10.00 – «Шыны бағы» атты Чехияның көркем шыны бұйымдарының көрмесі. Көрмеге кезінде әлемге танымал шыны шебері Иржи Пачинеканың 30 жұмысы шығарылады. Көрме 1 наурызға дейін жалғасады. (Қастеев атындағы өнер музейі, «Көктем 3» шағын ауданы, 22/1. Байланыс телефоны: +7 727 394 57 15).

7 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.00 – «Гарри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасы таныстырылады (Жамбыл Жабаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы, Назарбаев даңғылы, 43. Байланыс телефоны: +7 700 246 35 30).

19.00 – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» концерті. Шараға Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері Еркін Шүкіман, республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары Оксана Давыденко, Венера Алпысбаева, Салтанат Құдайбергенова және квартет Il Canto қатысады. Дирижер – Абылай Тілепберген («Кұрмангазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 727 279 14 26).

8 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

18.00 – «Золушка» балеті сахналанады. Хореограф-қоюшы, либретто авторы – Надежда Калинина («Астана Балет» театры, Ұлы Дала көшесі, 9).

13 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – Серік Нұрмолдаевтың Romantic Sybyzgy тақырыптық кеші («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

14 ақпанға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

18.30 – Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, профессор мен дирижер Жалғасбек Бегендіковтың «Сиқырлы таяқша құдіреті» атты шығармашылық концерті («Құрмангазы» оркестрінің концерт залы, Абылай хан даңғылы, 83. Байланыс телефоны: +7 (727) 279 14 26).

15 ақпанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – LA VIE EN ROSE француз музыкасының кеші. Концертте Қазақконцерттің солисі, вокалшы Гүлнәр Көшенова өнер көрсетеді. Ол «Х-фактор», «Қазақстан дауысы» және Top jargan сияқты тележобалардың финалына шыққан. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. («Қазақстан» орталық концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

 

 

 

 

 

00

СЕРІКТЕСТЕР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ LENTAINFORM

Асқар Мамин қызметінен кетті

Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/announcement/20200201/12717544/azastanda-2-apanda-anday-mayzdy-oialar-bolady.html



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз