Ақпан айына арналған ауа райы болжамы
Қысқа сілтеме алу
Бірінші онкүндіктің ортасы мен екінші онкүндіктің соңында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп болжанып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет ақпан айындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің болжамынша, қыстың екінші айы жауын-шашынмен және температураның жоғарылауымен басталады.
Бірінші онкүндіктің ортасы мен екінші онкүндіктің соңында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Сынап бағанасы түнде -17-22°C, күндіз -12-20°C көрсетеді.
Айдың соңында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.
Ақпан айындағы орташа температура -15°C болады деп болжанып отыр, бұл нормадан 1°С-қа төмен. Жауын-шашын мөлшері нормадан төмен, 15 мм құрайды.
Қазгидромет ұзақ мерзімді болжамдар әлі де өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда төтенше жағдай жарияланды
Бұған дейін синоптиктер қаңтардың соңында күн күрт суытатынын хабарлаған еді. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнде ауа температурасы -20-30°С болады.
27 қаңтарда Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. Рейстер тоқтатылып, жолдар жабылған.
sputniknews.kz