«Бомба» туралы хабардан соң ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

0
41

https://sputniknews.kz/images/1021/14/10211437.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/Russia/20200127/12653580/bomba-khabar-ushaq.html

Ұшақ бортында барлығы 261 жолаушы болған. Оқиғаға қатысты өзге ақпарат таратылмады. Ешкім зардап шеккен жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар — Sputnik. Ресейде Хабаровск – Мәскеу рейсімен ұшқан борт миналанды деген хабардан соң ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп жазады RT.

Бұқаралық ақпарат құралының хабарлауынша, «Аэрофлот» әуе компаниясының Airbus A330 бортында 261 жолаушы болған.

FlightRadar интернет сервисінің мәліметіне сәйкес, ұшақ Хабаровск қаласынан 800 шақырым жерде кері бұрылған.

Тағы оқыңыз: Bek Air-де жаға ұстатарлық жайттар анықталды: ұшақтардың суреті жарияланды

Соңғы ақпарат бойынша ұшақ Хабаровск қаласында қонған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады РИА Новости.



sputniknews.kz