Гелий дауысты қалай өзгертеді?
Гелий – ғарышта сутектен кейін ең көп тараған элемент. Ол сұйық және газ түрінде кездеседі. Қалыпты жағдайда гелий – бір атомды түссіз, иіссіз, инертті газ.
Гелий аэростаттарды толтыру үшін, аквалангтар мен барокамераларда азотты алмастыру үшін және тағы басқа жағдайларда қолданылады. Тұрмыста гелиймен шар толтырылады. Соның арқасында бұл газдың адам дауысын өзгерте алатынын білеміз.
Гелий өте жабысқақ және тығыздығы төмен. Оттек пен гелийден тұратын тығыздығы төмен ортада (біздің жағдайда тыныс мүшелерінде) дыбыс жылдамдығы қалыпты ауадағыдан гөрі әлдеқайда жоғары болады. Нәтижесінде дауыс желбезегінің тербелу жиілігі мен одан (резонатор) шыққан дыбыс жиілігі өседі. Дауыстың жіңішкеріп, түрленуі содан.
Азоттан жеңіл газды жұтқанда дауыс тоны жіңішке болады, ал одан ауыр газды жұтқанда (мысалы инертті криптон немесе ксенон) кез келген адам опералық бас әншідей ән сала алады.
Бұл газдарды шамадан тыс жұтқан адам есінен танып қалуы мүмкін. Өйткені гелий мен азоттан ауыр газдар организмдегі оттек тапшылығына себепкер болады. Сондықтан аталған газдарды ұзақ әрі көп жұтып қойған жағдайда дереу таза ауамен демалған жөн.