Әбдірахымов: Шымкенттен кеткенде жылайтын боласыздар – новости Казахстана

0

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қаладағы арбатта орнатылған 12 періште композициясы туралы айтып, оның не үшін керектігін түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Atameken Business Channel

Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Atameken Business Channel

Оның айтуынша, қалада жаяу жүргіншілерге арнап ашылатын Арбаттың ең әдемі тұсы осы композициялар болмақ.

«12 періште- 12 айды білдіреді. Біз Арбаттың жобасын жасап жатқанда келушілерді онда тартып тұратын бір дүние болса деп ойладық. Сондықтан періштелерді жасаттық.

Құдай қаласа 1 желтоқсанда біз оны ашамыз. Барлығыңызды сонда шақырамын. Көріп таңғалатын боласыздар», – дейді ол.

БАҚ өкілдері қала басшысынан Шымкенттің қашан адам кетуге қимайтын қала болатынын сұрады.

«Тіпті осы жылы-ақ қаладан кетерде жылайтын боласыздар», – деп жауап берді Әбдірахымов.

Сондай-ақ әкім Шымкентте қалыптасқан дәстүрлер туралы сөз қозғады.

«Екі жыл бұрын мен мұнда бір дәстүр орнаттым. Осыған дейін әрбір әкім Наурыз мерекесінде Қошқар-атаға барып үлкен қой сойғызып, Алладан қаламызды өрт пен қауіп-қатерден сақтауын сұрайтын. Сол сияқты мен де Құдайдан ертеңгі ауа райы жақсы болса екен деп тілеп отырмын», – деп сөзін қорытты әкім.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз