Маңғыстау облысында ҰҚК қызметкерлері салафиттерді ұстады

0

https://sputniknews.kz/images/222/69/2226967.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20200111/12516438/Mangystau-oblysy-salafitter.html

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері күдіктілерді  тінтіп, қару және экстремистік сипаттағы діни материалдарды тәркіледі

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ақтау және Жаңаөзен қалаларында бір топ ер адамды – «салафизм» деструктивті діни ағымын ұстанушыларды ұстады.

Тағы оқыңыз: Атырауда бес қабатты үйдің ауласында үш адам ұсталды – видео 

Олар пайдакүнемдік ниетпен ірі мөлшерде ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаумен айналысқан, деп жазды mangystaumedia.kz сайты.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтау және Жаңаөзен қалаларының екі тұрғыны, сондай-ақ олардың сыбайластары анықталып, ұсталды», — деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлерін тінту кезінде қару, сондай-ақ экстремистік сипаттағы діни материалдар табылып, тәркіленген.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.



sputniknews.kz