әйелі мен келініне қымбат сыйлық тарту еткен әртіс сынға ұшырады
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/336/52/3365224.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/Asia/20200109/12493217/qymbat-syilyq-artis.html
Әртіс келініне Малибу-2, ал әйеліне — BMW X7 көлігін сыйлаған. Видео әлеуметтік желіде тарап кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. Өзбекстандық әнші Рашид Холиков отбасына сыйлық сыйлаймын деп жұрттың ашуына тиді. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Әртіс ата атанғанына риза болып, отбасына осындай сыйлық жасаған екен. Алайда әнші бірден сынға ұшырады.
Өзбекстандықтар оны «мақтаншақ» деп атады. Ал енді бірі салықшылар әртістің табысын тексеруі тиіс дегенді айтты.
Тағы оқыңыз: Айнұр Тұрсынбаеваның аста-төк тойы: гауһар тасты әшекейден бастап көлікке дейін — видео
Еске салсақ, өзбекстандық жұлдыздар жеке өмірін көрсете бермейді. Қарапайым халық олардың қалай өмір сүретінін білмейді.
sputniknews.kz