Қалай өмірді 10 жылға ұзартуға болады

0
62

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Зерттеу жүргізген ғалымдар адам өміріне қауіпті бес негізгі факторды анықтады, осыдан аулақ болған адамдар ұзақ өмір сүрген

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. Пайдалы әдет-дағдылар адам өмірін шамамен он жылға ұзартады. Гарвард университеті мен Амстердам қолданбалы ғылымдар университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келген, олар зерттеу нәтижесін British Medical Journal журналында жариялады.

Зерттеу барысында 50 жастағы жүз мыңнан астам адамның мәліметтері зерделенді. Ғылыми жұмыс басталған уақытта олардың дені сау болған. Мамандар 20 жылдан астам уақыт бойы зерттеуге қатысушылардың жағдайын бақылап отырады. Ғалымдар кімнің жүрек-қан тамырлары аурулары, екінші санаттағы диабет болмаса қатерлі ісікке шалдыққанына назар аударып, дерттің қанша жаста пайда болғанын және науқастың қанша өмір сүргенін белгілейді.

Осы жұмыстың нәтижесінде сарапшылар адам өміріне қауіпті бес негізгі факторды анықтады: шылым шегу, ішімдік ішу, майлы және құрамында қант көп тамақ жеу, аз қимылдау және артық салмақ.

Тағы оқыңыз: Адам төзгісіз азап шегеміз – әлем ғалымдары дабыл қағып жатыр

Осы бес фактор бойынша ғалымдар 50 жастағы адамның өз өмірін қанша жылға ұзарта алатынын анықтады.

Төрт-бес пайдалы әдет-дағдыны (дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, темекі мен ішімдіктен толығымен бас тарту, салмақ қоспау) ұстанған әйелдер орташа алғанда 84,4 жас өмір сүрген. Ал басқа әйелдердің орташа жасы 73,7 болған. Ер адамдар үшін бұл көрсеткіш – 81,1 жас, зиянды әдеттері бар ерлер орташа алғанда 73,5 жасқа ғана келген.



sputniknews.kz