Air Astana Дубайға ұшу бағытын өзгертеді
Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы Ирак пен Иран аумағы үстінен ұшудан бас тартты
НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға ұшу бағытын өзгерту туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
Әуе компаниясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, Алматы – Дубай рейсінің ұшу уақыты 20 минутқа, Дубай – Алматы 10 минутқа, Нұр-Сұлтан – Дубай 55 минутқа, Дубай – Нұр-Сұлтан 35 минутқа ұлғаяды.
«Air Astana оқиға барысын жіті бақылап, өзгерістер болып жатқан жағдайда жұртшылыққа хабар береді», — делінген хабарламада.
Жолаушылар рейстердің ұшу кестесін әуе компаниясының сайтында немесе + 7 (727) 2 44 44 77 (Алматыдан қоңырау шалатындар үшін) және 58 44 77 (Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары үшін), сондай-ақ, +7 (702) 702 4477 нөміріне хабарласып, нақтылай алады.
sputniknews.kz