Иранда құлаған ұшақтан студенттің хаты табылды

0
17

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

Бүгін таңертең Тегеран әуежайының маңында 179 жолаушы мінген украиналық ұшақ құлады, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бәрі көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. Құтқарушылар ұшақ үйінділерінің арасынан ирандық студенттің хатын тапты, деп хабарлады Mash Telegram-каналы.

Онда студент емтиханды сәтті тапсыру үшін құдайдан көмек сұраған.

Канадалық студенттер билет арзан болғандықтан украиналық әуе компаниясының қызметін пайдаланыпты. Бүгін таңертең шетелдік студенттер рождестволық демалыстан соң үйлеріне қайтып бара жатқан.

БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ апатынан қаза болғандардың басым көпшілігі Иран және Канада азаматтары. Сонымен қатар ұшақтың ішінде Германия, Ұлыбритания, Швеция, Украина және Ауғанстан азаматтары болған.

Украина билігі Boeing ұшағындағы барлық адамның қаза болғанын растады

Ирандағы ұшақ апаты

8 қаңтарда Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайының маңында украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, бортта 179 адам отырған. Оның тоғызы экипаж мүшесі, барлығы Украина азаматтары. Сондай-ақ тағы екі украиналық жолаушы болған. Ұшақ апатынан барлық адам көз жұмды.



sputniknews.kz