Синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Синоптиктер республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады дейді. Облыстардың бірінде дабылды ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар — Sputnik. Ертең, 4 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады, ал еліміздің солтүстігінде қар жауады.
Бұған қоса, синоптиктер тұмін түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатып, жел күшейеді деп болжап отыр.
Дабылды ескерту
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соққан жел күші кейбір аумақта секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Қостанайда оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Дауыл соғу мүмкіндігі 90-95% құрайды.
sputniknews.kz