Әлемдегі ең қауіпсіз әуе компаниялар рейтингі жарияланды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ең қауіпсіз әуе компаниялар рейтингіне Австралия, АҚШ, Канада, Еуропа мен Азияның бірқатар елінің тасымалдаушылары енді. Қазақстан мен Ресей әуе компаниялары тізімде жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар — Sputnik. AirlineRatings.com агенттігі әлемдегі ең қауіпсіз әуе компаниялар рейтингін жасады. Бірінші орынды 99 жылдық тарихы бар австралиялық Qantas компаниясы иеленді.

Агенттік сайтындағы мәлімет бойынша, сарапшылар қауіпсіз компанияларды бағалау барысында олардың жұмысын, тексерілу жиілігін, апаттар жайлы деректерді, табысын және ұшақтардың «жасын» жан-жақты зерттеген.

Топ-20: ең қауіпсіз әуе компаниялар

Қорытынды рейтинг келесідей:

  1. Qantas (Австралия);
  2. Air New Zealand (Жаңа Зеландия);
  3. EVA Air (Тайвань);
  4. Etihad (Біріккен Араб Әмірліктері);
  5. Qatar Airways (Қатар);
  6. Singapore Airlines (Сингапур);
  7.  Emirates (БАӘ);
  8. Alaska Airlines (Америка Құрама Штаттары);
  9. Cathay Pacific Airways (Қытай);
  10. Virgin Australia (Австралия);
  11. Hawaiian Airlines (АҚШ);
  12. Virgin Atlantic Airlines (Ұлыбритания);
  13. TAP Portugal (Португалия);
  14. SAS (Швеция);
  15.  Royal Jordanian (Иордания);
  16. Swiss (Швейцария);
  17. Finnair (Финляндия);
  18. Lufthansa (Германия);
  19.  Aer Lingus (Ирландия);
  20. KLM (Нидерланды).

Тағы оқыңыз: Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған сәттің видеосы жарияланды 

Ең қауіпсіз лоукостерлер ондығы

Олардың қатарына Air Arabia (БАӘ), Flybe (Ұлыбритания), Frontier (АҚШ), Hong Kong Express (Қытай), IndiGo (Үндістан), Jetblue (АҚШ), Volaris (Мексика), Vueling (Испания), Westjet (Канада) және Wizz (Венгрия) енді.



sputniknews.kz