Қазақстанда Қытайға қарсы акциялар күшейген жыл
2019 жылы Қазақстанда Қытайға қарсы наразылық акциялары көбейді. Митингіге шыққандар ел экономикасына Қытайдың ықпалы артып келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп, билікті екі елдің бірлескен инвестициялық жобаларынан бас тартуға және Шыңжаңдағы этникалық қазақтарды қорғауға шақырды. Батыс зерттеушілері де Қытайдың Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға “ерекше көңіл бөлетінін” және екі елдің арасында алыс-беріс көбейіп, барыс-келіс жиілегенін айтады. Пекиннің ерекше назар аударуын Қазақстанда билік пен қоғам қалай қабылдады?