2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 1-4 қаңтарына ауа райы болжамы

0

Синоптиктер 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 1-4 қаңтары аралығына ауа райы болжамын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жылдық мереке күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, әрі ауа температурасы күрт төмендеп, қар жауып, жел күшейеді. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Мамандар 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 1-4 қаңтары аралығында ауа температурасының күрт төмендейтінін айтады.

«Еліміздің батыс өңірінде түнде -8…16 аралығында аяз болады, күндіз ауа температурасы -8 және +5. Солтүстік-батыс өңірлерде түнде сынап бағанасы -15..25 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа темпаратурасы -8…15 суық болады. Солтүстік және орталық облыстарда түнде -5… 25 және -5-18 аяз болады. Күндіз ауа температурасы -5…16 және 0…8-ге дейін төмендейді. Шығыста түнде -10…18, -15…23 аяз болса, күндіз ауа температурасы -2…10 және -7…12-ге көтеріледі. Оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде сынап бағанасы -8…15 суықты көрсетеді. Күндіз ауа райы +7…10 жылы болады», — делінген хабарламада.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН

31 желтоқсанда елордада күн бұлтты, қар жаумайды. Ауа температурасы түнде -15…20 градусқа дейін төмендейді. Күндіз сынап бағанасы – 8…13-ті көрсетеді.

1 қаңтарда күн бұлтты, қар жауып, бұрқасындатады. 15-20 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде — 12…17, күндіз -5…10 аязды көрсетеді.

2-3 қаңтарда күн бұлтты, қар жауып, боран соғады. Желдің күші — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -8…13, күндіз -3…8 градус суық болады.

4 қаңтарда күн бұлтты болады, қар жаумайды. Сынап бағанасы түнде -12…17-ні, күндіз -8…13 аязды көрсетеді.

АЛМАТЫ

31 желтоқсан күн бұлтты, жауын-шашынды (жауын, қар) болады. 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-ке дейін төмендейді. Күндіз сынап бағанасы +5-ке дейін жылиды.

1 қаңтарда күн бұлтты, жауын-шашынды (жауын, қар) болады. 2-7 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде -8-ге төмендейді. Күндіз +5 градус жылы болады.

2 қаңтарда күн бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Түнде -10 градус, күндіз +5 градус.

3 қаңтарда күн бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Түнде -10 градус, күндіз +8 градус.

4 қаңтарда күн бұлтты, жауын-шашынды болады (жауын, қар). 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7 градусқа дейін төмендейді, күндіз +8 градус жылы болады.

ШЫМКЕНТ

31 желтоқсан күн бұлтты, жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Түнде -5 градус, күндіз +8 градус.

1-3 қаңтар күн бұлтты, жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Түнде -8 градус, күндіз +10 градус.

4 қаңтар күн бұлтты, оқта-текте жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Сынап бағанасы түнде -8 градусты, күндіз +5 градусты көрсетеді.



sputniknews.kz