Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасы 13 млн теңгеден алады

0
21

Ұшақ апатынан денсаулығына зиян келгендеге өтемақы төленеді, қаза болғандардың отбасына ақша мұрагерлік құқығын растағаннан кейін беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Алматы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге Bek Air атынан «Amanat» сақтандыру компаниясы өтемақы төлейді. Бұл туралы компанияның жетекшісі Ерғали Бегімбетов хабарлады.

Бегімбетовтың айтуынша, Bek Air Fokker 100 ұшағы бойынша жауапкершілікті «Amanat» компаниясында сақтандырған. Заң бойынша денсаулығына зиян келгендер мен қаза болғандардың отбасына сақтандыру төлемдері беріледі.

Апат салдарынан денсаулығына зардап келген жолаушылар 200 АЕК*-ке (530 200 теңге) дейін емге жұмсалған ақша мөлшерінде өтемақы алады.

Егер адам мүгедек болып қалса, компания мүгедектік тобына байланысты 2 500 АЕК*-тен 5 000 АЕК*- ке (6 627 500-13 255 000 теңге) дейін төлейді.

Қаза болған жолаушы үшін 5 000 АЕК* (13 255 000 теңге) мөлшерінде өтемақы қарастырылған.

Бұдан бөлек, 100 АЕК* ( 265 100 теңге) мөлшерінде жерлеу шығындары өтеледі.

Сонымен қатар, әрбір зардап шеккен адамның мүлкіне келген залал үшін 250 АЕК*-ке (662 750 теңге) дейінгі мөлшерде ақша төленеді.

«Заң бойынша сақтандыру төлемдері «Бек Эйр» АҚ мен зардап шеккендерден қажетті құжаттарды алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде төленеді. Біз бұдан да тезірек іске асырамыз», – деп жазды Ерғали Бегімбетов Facebook- тегі парақшасында. 

Ол қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, сақтандыру компаниясы өз міндеттерін орындайтынын және төлемдерді аз уақытта рәсімдеуге күш салатынын жеткізді.

Басқа сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: +7 777 2120074.

*айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2020 жылы 2 651 теңге (2019 жылы – 2 525 теңге) болады.

Алматыдағы ұшақ апаты

Қайғылы оқиға 27 желтоқсан таңертең болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы құлады. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш қазір ауруханада жатыр.

Әуелі полиция ұшақтың құлауына себеп болған екі жағдайды алға тартқан еді – техникалық ақаулық немесе ұшқыштың қателігі. Кейін үшінші себеп айтылды – метеорологиялық жағдай. 

Президентің тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз