Алматы әкімі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына барды
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/1241/05/12410536.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/regions/20191229/12414561/Almaty-akim-kaza.html
Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев көз жұмғандардың жанұяларына көңіл айтты, деп хабарлады әкімдік өкілі
НҰР-СҰЛТАН, 29 желтоқсан — Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасыларына барды, деп хабарлады қала басшысының баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.
«Ұшақ апатынан қаза болған алматылықтар – Қайырхан Тұматов, Марат Мұратбаев, Николай Асташов, Веларий Ануфриевтің үйлерінде жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатыр», — деп жазды Instagram парағында Әсет Мұқажанов.
Бұған қоса, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев көз жұмғандардың жанұяларына көңіл айтты.
Еске салсақ, 27 желтоқсанда Алматы — Нұр-Сұлтан бағытындағы Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 көз жұмып, бірнеше адам ауруханаға түсті.
Тағы оқыңыз: Жақсы ұйымдастырушы еді – бұрынғы әріптестері генерал Қайдаров жайлы айтты
Сондай-ақ, бүгін Алматыда апатта мерт болған генерал Рүстем Қайдаровты ақтық сапарғы шығарып салу рәсімі өтеді.
sputniknews.kz