Жақсы ұйымдастырушы еді – бұрынғы әріптестері генерал Қайдаров жайлы айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматылықтар ұшақ апатынан қаза тапқан әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровпен қоштасты

АЛМАТЫ, 29 желтоқсан — Sputnik. Алматылықтар 27 желтоқсанда Алматы түбіндегі ұшақ апатынан қаза болған әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровпен қоштасты. Рүстем Есімханұлының асына оның туыстары, әріптестері мен достары келді.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Рүстем Қайдаровпен қоштасу рәсімі

«Генералдар кеңесі» РҚБ төралқа төрағасы Рүстем Қайдаров әріптестері арасында белсенді ұйымдастырушы әрі көшбасшы болған екен.

«Ол өте белсенді адам болатын, әрдайым бірдеңе ұйымдастырып жүретін. Мысалы, Отан соғысы батырларымен байланысты шаралар ұйымдастыратын. Біз 28 панфиловшы ерлігіне арналған Мәскеудегі шараларға да қатыстық, жастармен де жұмыс істедік – бұның бәрі Рүстем Есімханұлының еңбегі», — деп әңгімеледі полиция генерал-майоры, «Генералдар кеңесі» РҚБ төралқа мүшесі Райымхан Өзбекқалиев.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Райымхан Өзбекқалиев

Оның айтуынша, генерал-майордың қазасы туралы күтпеген жаңалық барлығының қабырғасын қайыстырды. Ол Рүстем Қайдаров тірі болса, 2020 жылдың 18 мамырында 80 жасқа толар еді дейді, бұл мерейтойға дайындық басталып та кеткен екен.

 


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Алматылықтар Рүстем Қайдаровпен қоштасты

 

 



sputniknews.kz