Балаларға күнде беріп жүрген тағам зиян болып шықты
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/1159/72/11597243.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/society/20191223/12352587/botka-ziyan.html
Дәрігерлер неге ұнтақ ботқасын көп жеуге болмайтынын түсіндірді, оның адам денсаулығына еш пайдасы жоқ болып шықты
НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Дәрігерлер ұнтақ ботқасының құрамында адам ағзасына пайдалы заттар жоқ екенін айтты.
Гастроэнтеролог Анжелика Шакированың айтуынша, ұнтақ жармасы тез дайындалады және асқазанда тез қорытылады.
«Ұнтақ ботқасының құрамында тек желімтек қана бар. Алайда онда дәрумен жоқ. Сүт және қант, сары май қосылған ұнтақ ботқасы «нағыз калориясы мол бомба» сияқты», — деді дәрігер НТВ телеарнасына берген сұқбатында.
Сонымен қатар Анжелика Шакирова ұнтақ ботқасының құрамында фитин қышқылы бар екенін атап өтіп, ол ағзадан кальцийді шығаруға ықпал етенінін жеткізді.
Ал диетолог Марина Макшина фитин қышқылы ағзаның магний, цинк және темірді сіңіруін қиындататынын айтты. Салдарынан адам кариес және остеопорозға шалдығуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Дәрігерлер әжейді томографта ұмытып қалдырып кетті
sputniknews.kz