Минскіде Беларусь пен Ресей интеграциясына қарсы наразылық өтті
19-20 желтоқсанда Минск қаласында жұрт Беларусь пен Ресейдің интеграциясына қарсы наразылық шарасына шықты. Наразылыққа мыңнан астам адам қатысқан.
Қарсылық шарасынан бірер күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь президенті Александр Лукашенко “интеграцияның жол картасын” талқылау үшін Санкт-Петербург қаласында кездесу өткізген.
Митинг алдында ел билігі шеруге рұқсат бермей қойған. Полиция тұрғындарға ескерту жасап, белсенділерді ұстаған.
Жұма және сенбі күнгі митингіні полиция сырттай бақылап тұрды. Қала орталығына жиналған жұрт “Майдан!”, “Беларусь, жаса!” деп айғайлап, Беларусь мен Ресейдің интеграциясына наразылық білдірді.
Санкт-Петербургтегі кездесуде Путин пен Лукашенко “жол картасындағы” 31 пунктің үшеуі бойынша, яғни газ және мұнай тасымалы, салық мәселесі келісе алмады.
Путин мен Лукашенко 7 желтоқсанда Сочиде өткен кездесуде де ортақ мәмілеге келмеген.