Ақтөбелік полицияда болған жағдайдан кейін неден қорқып отырғанын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Ер адам полицияда бірнеше сағат отырғанын айтты. Тәртіп сақшылары баланы зорлағанын мойындауды талап етіпті

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбе облысының прокуратурасына қала тұрғыны арыз жазды. Полицейлер оны педофил деп ойлап, бірнеше сағат жауап алған. 

Ер адам сол жауап алу кезіндегі фото әлеуметтік желіде тарап кеткенін айтады. Енді ол өзінің өмірі үшін қорқып отыр, деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы.

Нұрлан Шандин болған жағдайға еш қатысы жоқ екенін айтты. Ол құзырлы органдардың түсініктемесін күтіп отыр. 

«Мені полиция бөліміне алып барды. Бір сағат бойы кінәні мойныма алуды талап етті. Екі адам пәтерімді тексерді. Таңғы 4-ке дейін жауап алды. Полициядан шыққанда әлеуметтік желіде «Педофилдер өлуі тиіс» дегенді оқыдым. Енді өзімнің өмірім үшін қорқып отырмын», — деді ол. 

Прокурордың орынбасары Бауыржан Меңдебаевтың айтуынша, ер адамнан күдікті ретінде емес, куәгер ретінде жауап алынған. 

«Ол полиция бөліміне жеткізіліп, күдікті емес, куәгер ретінде жауап алынды. Оның бұл қылмысқа қатысы жоқ», — деді Меңдебаев.

 



sputniknews.kz