БҰҰ Бас ассамблеясы Қырымда адам құқығын қорғау туралы резолюция қабылдады

0

БҰҰ-ның Бас ассамблеясының отырысында Ресей аннексиялап алған Қырымда адам құқығын қорғау туралы Резолюция қабылданып, бірден күшіне енді.

65 мемлекет резолюцияны қолдап дауыс берді, 23 мемлекет қарсы шықты, 83 мемлекет қалыс қалды. Құжаттың қабылдануына қарсы дауыс берген мемлекеттер арасында Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения, Қытай, Венесуэла, Сирия және Иран болды.

Резолюциядағы негізгі талаптар:

  • Ресейден Қырымда қоныс аудару және күштеп көшіру арқылы демографиялық жағдайды өзгерту саясатын тоқтатуды талап ету;
  • Қырымда терроризмді қолдады деп айыпталған белсенділердің қамалуын айыптау, атап айтқанда «Ынтымақты Қырым» қоғамдық бірлестік өкілдерінің айыпталуын сынау;
  • Пікірін ашық айтқаны үшін ұсталған азаматтарды босатып, оларды қуғындамауға шақыру;
  • Барлық заңсыз ұсталған азаматтарды дереу босатуды талап ету және олардың үйлеріне оралуына жағдай жасау;
  • Ер адамдарды Ресей әскеріне шақыру тәжірибесін айыптау.

Бұған дейін Украинаның сыртқы істер министрлігі Ресей аннексиялап алған Қырымда Украина мен Қырым татарларының құқықтары «үнемі бұзылады» деп айтқан. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мұны «ойдан шығарылған нәрсе» деп атады.

Қыркүйек айында БҰҰ бас хатшысы Қырымда адам құқығының бұзылуы туралы алғаш рет баяндама әзірледі. Онда Қырым тұрғындарының азаматтық және саяси құқықтары бұзылғаны жайлы жазылған.

Azattyq

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз