Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Банк жүйесі — нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер мен ақша — тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар (параллель) дамып, бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндегі халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндіріс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылып отырды. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған еркін ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануы үшін берді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Банктерге шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне тікелей ықпалын тигізді (1-сызба).

Қаржылық — делдалдар осылайша капиталдың салааралық, аймақаралық бөлу тетігімен қамтамасыз ете отырып, аса маңызды халық шаруашылығының қызметін орындайды.

Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелерді тудырады. Мәселен, банктер клиенттердің салым ақшаларын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені — депозитті құрады, ал ссуда беріп қарыз алушыға жаңа талап жасайды.

Жаңа міндеттемені және жаңа талапты тудыратын бұл процесс қаржылық делдалдың негізін құрайды. Қаржы ресурстарының кредит берушіден қарыз алушыға қозғалысы, орналасуы, ағылуы және осылармен байланысты болатын қаржы институттарының қызметі қаржылық делдал деп аталады.

Банктер ақшалай капиталды әр түрлі көздерден шоғырландыра отырып, ақшалай қаражаттың жалпылама «пулын» қалыптастырады әрі оларды қолданысқа түсетін капиталға айналдырады және шарттары әр қилы кредиттер талабын қанағаттандырады.

 

1. сызба. Қаржылық делдал ретінде қаржы-кредит институттарының рөлі.

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу