Банк ісіндегі бәсекелестік — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0
66

Заңды тұлғалардың белгілі бір нарықта бір бірімен бәсекелесуін әдетте бәсекелестік деп ұғамыз. Теорияға сәйкес өткір бәсекелестік қандай да бір нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың санымен сондай-ақ, олардың жүзеге асыратын операциялардың ауқымдылығымен анықталады. Банктік бәсекелестікке тоқталатын болсақ, оның еркін нарықта бірнеше белгілері болады.

Бірінші белгі — капитал нарығына өзінің қаржылық қызметін ұсынатын көптеген қаржы институттары қатысады.

Екінші белгі — нарықтың әрбір қатысушысы толық ақпаратқа ие болады. Ақпарат алудың дұрыс шешім қабылдауына септігін тигізеді.

Үшінші белгі — барлық катысушылардың нарыққа шығарылатын қаржылық өнімдері (депозиттері, кредиттері және басқа қызмет көрсетуі) бірдей болады.

Төртінші белгі — бірде бір қатысушы басқа қатысушының қабылданған шешіміне (дұрыс, қандай шешім қабылдайтынына) өз ықпалын жүргізе алмайды. Қай жерде бәсекелестік күшті, сол жерде кез келген қызмет түрі соғұрлым тиімді және өнімдермен көрсетілетін қызметтің бағалары төмен әрі тұтынушыларға пайдалы болады. Банк капиталы көп шоғырланған ақша нарығында ссуда бойынша пайыз банк капиталы аз шоғырланған ақша нарығындағы ссуда бойынша пайызға қарағанда жоғары әрі осыған орай банктің табысы да мол болады, деп тұжырым жасау дұрыс көрінгенімен банк ісіндегі бәсекелестің зерттеуі мұндай гипотезаны толық растай алған жоқ.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу