Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары — бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы шығындарды азайтатын, қаржы нарығында тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға «арзан ақшаны» тартатын әлеуметтік-экономикалық институт.
Мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЕЗҚ) халықтың зейнетақы жарналарын шоғырландыру арқылы қалыптасатын коммерциялық емес ұйым (еңбек ақысынан — 10%) және келісімшартқа сәйкес зейнетақы төлеуді атқарады. Жиналған қаржыны көбейту үшін қор зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі арнайы компанияға тапсырады (ЗАБК).
Қор кастодиандық қызметке лицензия алғаннан соң кастодиан — банкісінен ғана банкілік шотын ашуға құқылы болады. Кастодиан ақша қаржысының құнды қағаздарымен мәмілеге арналған және оған сеніп тапсырылған бағалы қағаздардың есебін алу мен оны сақтау бойынша кәсіби қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.
Қор зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниямен және қызмет көрсететін банк — кастодианмен тұрақты түрде ақпараттарды салыстырып тексеріп отырулары керек.
Зейнетақы және корпоративті активтердің жалпы сомасын, инвестицияланған қаржының сомасын, қаржылық инвестиция құнының өзгеруі, бағалы қағаздарды өткізуден болған түсімнің сомасы мен комиссиялық сыйақы сомасын кастодиан — банкісі салыстырып тексеріп отырады. Зейнетақы активін басқару компаниясымен мыналар салыстырылып тексеріледі: зейнетақы жарнасының түскен сомасы, жинақталған зейнетақыдан төленген сома, инвестиция түрлері бойынша инвестицияланған қаржы сомасы, инвестициялық табыстан алынған сома, басқа қорларға ауысып кеткен салымшылар саны мен олардың сомасы.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
— ашық;
— корпоративті болады.
Азаматтың жұмыс орны мен мекен-жайына қарамастан салымшыдан жинақтау жарнасын қабылдауды ашық зейнетақы жинақтаушы қорлары жүзеге асырады.
Корпоративті ЖЗҚ — осы қордың акционерлері мен құрылтайшылары болып табылатын, бір немесе бірнеше заңды тұлғаның алушы қызметкерлері үшін құрылады.
ЖЗҚ акционерлік қоғам нысанында құрылады және ҚР қадағалау мең бақылау агенттігінің келісімі бойынша филиалдары мен өкімдіктерін ашуға құқылы. Зейнетақы жарналарын қабылдау бойынша қызметті және зейнетақы төлемін жүзеге асыру ҚР заңында белгіленген КР қадағалау және бақылау бойынша агенттігінің тәртібімен лицензияланады. 20 маусым 1997 ж. ҚР «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңына сәйкес ЖЗҚ өзгертуге және толықтыруға құқы бар:
— зейнетақы қорларының алымдарын іске асыруға;
— өзінің қызметі (жұмысы) үшін коммисиялық сыйақы алуға;
— зейнетақы активін басқарудың инвестициясы бойынша қызметін өз алдына жүзеге асыру;
— зейнетақы келісімшартының жағдайына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асырады.
ЖЗҚ міндетті:
- зейнетақы алушының төлемдерін жүргізу;
- жинақталған зейнетақыны жеке есепке алып және төлеуді жүзеге асыру;
- салымшы мен алушыға оның жинақталған зейнетақысының жағдайы туралы ақпаратты беру;
- зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдармен келісімшарт жасасу;
- ЖЗҚ зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдай жасауды қамтамасыз ету.
ЖЗҚ салымшыларының мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатымен мыналарға тыйым салынады: өндірістік қызмет, зейнетақы активтерін кепілге қоюға, акциялардан басқа қағаздар шығаруға, сақтандыру қызметіне.
Қадағалау жөніндегі агенттік белгілеген пруденциялық нормативті міндеттемелерін ЖЗҚ сақтауға міндетті. ЖЗҚ меншікті капиталы мыналар есебінен құралады:
- акционерлер мен құрылтайшылардың жарғылық капиталына салған салымдарынан;
- комиссиялық сыйақыларынан.
ЖЗҚ меншікті капиталы — оның міндеттеме сомасының шегерілімін шығарғандағы ЖЗҚ активтерінің кұны.
ЖЗҚ зейнетақы активтері мыналардың есебінен қалыптасады: зейнетақы жарналарынан, инвестициялық табыстан, ЖЗҚ комиссиялық сыйақыларының кемістігінен, залалдың орнын толтыру мен өсім түріндегі қаржылық түсімдерден. Оларды мына жағдайда пайдалануға болады: қаржылық құралдарға орналастыру, зейнетақы төлеуге, басқа ЖЗҚ зейнетақы жинақтарына немесе зейнетақы аннуитетінің келісімшарты бойынша сақтандыру ұйымдарына аудару.
Халықтың міндетті зейнетақы жарнасы (еңбекақының 10%-ы) мен қорлардың инвестициялық қызметінен түскен табыстар, ЖЗҚ ресурстарының негізгі кездері болып табылады. ЖЗҚ халықтың шоғырланған зейнетақы жарналарың салу арқылы құнды қағаздарды сатып алу мен инвестициялық табыстарды және өзінің ресурстарын өзімен көбейте түсу жолымен инвестициялық қызметін жүзеге асырады. Осы пассивтердің есебінен ЖЗҚ шыққанда — салымшылардың зейнетақысына біржолғы сома немесе өмірлік зейнетақы төлейді.
ЖЗҚ мен ЗАБК (зейнетақы активтерін басқарушы компанияның) қызметтерін Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу бойынша агенттігі олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі лимиттері мен тиісті нормаларын белгілеу жолымен лицензиялайды және бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 15 ЖЗҚ жұмыс істейді. Салымшылардың саны — 7 млн, жинақталған зейнетақы сомасы — 4 млрд долларды құрайды. ЖЗҚ тек қана зейнетақы жарналарын тартумен және зейнетақы төлеумен ғана айналыспай, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды да жүзеге асыра алады.
Ашық ЖЗҚ жарғылық капиталына шетелдік инвестор қатысуының деңгейі, Қазақстандағы барлық үлгідегі қорлардың хабарланған жарғылық капиталы жиынтығының 25%-ынан аспауы керек.
Зейнеткерлік жасқа жеткен адам сақтандыру ұйымдарымен өмір бойы сақтандыру төлеулерін зейнетақы жарналарын пайдалана отырып жүзеге асыру жөнінде зейнеткерлік аннуитет келісімшартын жасауға құқылы. Сонымен, сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандырулар тиісті қаржылық жылдың республикалық бюджеті туралы белгіленген заңының ең аз деген зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек. Сөйтіп ЖЗҚ аннуитеттер формасында міндеттеме (пассивтер) қарыздарын (борыш) шығарады және зейнеткерлікке шыққан соң өз клиенттерін қаржымен қамтамасыз етеді.
Аннуитет — зейнетке шыққан соң реттелген уақыт аралығы арқылы клиентке белгілі ақша сомасын әкелетін инвестиция.
Зейнетақы аннуитеті келісімшартына отырған адам, оны жасасқан күннен бастап екі жылға дейін бұзуға құқы жоқ.
Зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық активін басқару ісін жүзеге асыруды, зейнетақы инвестициясын басқаратын ұйымдары немесе ҚР қадағалау бойынша агенттігі белгілеген тәртіпте осындай қызмет түрімен шұғылдануға құқық беретін тиісті лицензиясы болған жағдайда ЖЗҚ өзі дербес түрде атқарады.
ЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық тұрғыда басқаруын жүзеге асырушы ұйым акционерлік қоғам (АҚ) құрылатын құнды қағаздар нарығына кәсіби қатысушы заңды тұлға болып табылады. Оның құрылтайшылары заңды және жеке тұлғалар бола алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық тұрғыда басқаруын жүзеге асыратын ұйымның мүліктері ЖЗҚ зейнетақы активтерінен оқшау қалады.
Өзінің таңдауы бойынша зейнетақы активінің инвестициялық тұрғыда басқаруын жүзеге асырушы бір және бірнеше ұйымдармен келісімшарт негізінде ЖЗҚ зейнетақы активтері инвестициясын басқаруды жүзеге асырады. Қызметтің осы түрімен шұғылдануға құқық беретін тиісті лицензиясы бар болған жағдайда ЖЗҚ оны дербес атқарады.
Өз алдында зейнетақы активінің инвестициялық тұрғыда басқаруын жүзеге асырып отырған ЖЗҚ, басқа ЖЗҚ инвестициялық тұрғыда басқаруына келісімшарт жасасуға құқы болмайды.
Салымшылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында ЖЗҚ ұйымдарына заңмен зейнетақы активтерінің инвестициялық тұрғыда басқаруына тыйым салу шаралары белгіленеді.
- банктерден меншікті капиталдың мөлшерінен артық емес мөлшерде 3 айдан көп емес мерзімге қарыз қаражатын тартуға;
- акциядан басқа, басқадай құнды қағаздар түрін шығаруға;
- зейнетақы активтерінің есебінен үлестес тұлғалармен мәміле жасауға;
- түрлі тәсілдермен қарыз ұсынуға, кез келген түрлі кепілге кепілгерлік беруге;
- сауданың кез келген түрімен материалдық өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыруға;
- құнды қағаздар мен қаржы құралдарынан бөгде, басқадай мүліктермен сауда жасауға;
- маржа бойынша және т.б. кез келген құнды қағаздарды сатып алуға.
Осы мақсатпен олар үшін міндетті пруденциялық нормативтер белгіленді.