Берекелі, Алтын күз!
Мақсаты: Күз мезгілі туралы және ол мезгілде қандай мерекелер болатыны жөнінде кеңінен таныстыру.
Көрнекілігі: Залдың іші күз мерекесіне сай безендірілген. Жапырақтардың суреттері, «Күз сыйы» көрмесі.
Жүргізуші: Армысыздар ардақты қонақтар мен ата — аналар. Бармысыздар жадыраған жас достар. Берекелі алтын күз құтты болсын.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білген
Алтын күз — береке, ырыс ала келді.
Уа халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған,
Кешімізді бастайық.
Ендеше ортаға «Күншуақ» ортаңғы тобының бүлдіршіндерін шақырайық.
Жүргізуші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Жүргізуші: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 ай бар (қыркүйек, қазан, қараша)
Жүргізуші: Балалар, осы күз мезгілінде ауа — райы қандай болады?
Балалар: Күн салқындайды, адамдар жылы киінеді, жаңбыр жауады, жапырақтардың түсі сары түске боялады.
Жүргізуші: Күз келіп, күзгі ханшайым,
Өткізді күзгі бал айын.
Барша жұртты шақырады.
Биде билеп, ән айтып,
Қуаныштан шалқиды.
Балалар бізге қонаққа күз ханшайымы келе жатыр, қәне бәріміз бірге қарсы алайық.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Мен Алтын күзбін!
Жайдарлы жарқын күзбін!
Сіздерге қонаққа келген мырза күзбін!
Жүргізуші: Күз ханшайымы, қош келдің! Келіңіз! Төрлетіңіз! Біздің балаларымыздың сізге арнаған көптеген өнерлері бар. Соны бізбен бірге тамашалаңыз. Сіз мына жерге жайғасыңыз.
Гүлжан: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Өлең: «Көңілді жаңбыр» Хор.
Жүргізуші: Кел, балалар келіңдер,
Ертеңгілік көріңдер.
Томсырайып тұрмаңдар,
Тақпақ айтып жырлаңдар.
Жүргізуші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Ортаға жемістерді шақырайық.
Ақнұр: Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша — бақ.
Күрең қызыл шіркін — ай,
Оның аты — құлпынай.
Райанна: Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі,
Оның аты — шабдалы.
Аяулым: Тіл үйірілген алмұртпын,
Таңсығымын бар жұрттың.
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Айзере: Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты — шие.
Аделя: Мен өрікпін ірімін,
Алма, алмұртқа ірімін.
Жүргізуші: Көрдің бе, күз ханшайымы! Сізге арнап балалар қандай әдемі тақпақ айтып жатыр. Рахмет балалар.
Ән салыңдар күліңдер,
Гүлдей болып жүріңдер.
Алтын күзді тойлайық,
Би билейік ойнайық.
Ортаға мың бұрала билеген қыздардың биін тамашалайық.
Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы, «Өркен — 2» ясли бақшасы
Тәрбиеші: Жанузакова Саним Жумабаевна
Берекелі, Алтын күз! жүктеу