БАЛАНЫҢ ЖӨТЕЛІНЕ ҚАРСЫ МЫНАНДАЙ БІРНЕШЕ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҚ ЕМДЕР БАР
✅ 1 ірі бас пиязды үккіштен өткізіп, оған бір стақан қант қосып , 5 минут қайнатып аламыз. Жылы болған джемге 2 ас қасық бал қосып араластырамыз. Əр сағат сайын балаға 1 шəй қасықтан беріп тұрсаңыз, 1 -2 ішінде баланың жөтелі кетеді.
✅ Сəбіз шырыны мен балдың пайдасы зор. Ол үшін бірнеше сəбізді шырын сыққыштан өткізіп қалауығызша бал қосып, балаға ішкізесіз. Шырынның жаңа дайындалғанының пайдасы көбірек болады.
✅ Сұлы тұнбасының да жөтелге пайдасы зор. 1 литр қайнаған суға бір стақан сұлы саламыз да, екі сағатқа баяу отқа қоямыз. Кейін сүзгіштен өткізіп алып, аш қарынға жарты стақанын балмен бірге күніне 3 рет: таңертең, түскі асқа дейін 30 минут, ұйқы алдында бір рет .
✅ Қара шалқан шырынын да жөтелге қолдануға болады. Орташа 7 данасын жұқалап турап, үстіне қант сеуіп ,8-10 сағатқа қоямыз. Одан шыққан шырынын сағат сайын 1 ас қасықтан беру керек.