Беларусь Ресеймен Қазақстаннан мұнай тасымалдау жайын сөйлеседі – Лукашенко
Қысқа сілтеме алу
Беларусь басшысы Александр Лукашенко қазақстандық мұнайдың Ресей арқылы тасымалдануы мүмкін екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстан мұнайын Беларуське жеткізу шарттары жақын арада Ресеймен талқыланады. Бұл туралы Ақордада Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Сіздер білесіздер, Беларусь мұнай жеткізуді әртараптандыру мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан біз сіздің елден шикізат алуға мүдделіміз. Таяу арада Ресеймен консультация өткіземіз деп келістік. Өйткені, егер бұл мүмкін болса, қазақстандық мұнай Ресей аумағы арқылы тасымалданады», — деді Лукашенко келіссөздер қорытындысы бойынша.
Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев Беларуське мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттау туралы келісімге әзірге қол қойылмағанын, тек негізгі тұстары келісілгенін мәлімдеген болатын.
Құжатта мұнай көлемі айқындалмаған, тек экспорт шарттары ғана келісілген.
sputniknews.kz