«Дорогой Қасым аға»: Лукашенко Тоқаевты Беларуське шақырды

0
28

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Беларусь президенті Тоқаев екі елдің игілігі үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтіп, осы үшін оған алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Беларусь басшысы Александр Лукашенко Ақордада өткен кездесу барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне ресми сапармен келуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Мен Қазақстан президентін келесі жылы Беларуське ресми сапармен келуге шақырдым. Бұл бізге бүгінгі уағдаластық пен қол қойылған келісімшарттардың орындалуын бақылауға мүмкіндік береді», – деді Лукашенко.

«Дорогой Касымаке» деп сөзін бастаған ол Тоқаевтың екі ел игілігі үшін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтіп, осы үшін оған ризашылығын білдірді.

«Ал Қазақстан халқына айтарым: Беларусьпен байланыс құрғаныңыз дұрыс болды. Біз ешқашан ешкімді жерге қаратқан емеспіз. Сіздерді де ұятқа қалдырмаймыз. Еуропа орталығында сіздердің де жерлеріңіз бар екенін біліп жүріңіздер», – деді Беларусь басшысы.

Тағы оқыңыз: Тоқаев пен Лукашенко екі ел арасындағы проблемаларды оңаша талқылады

Айта кетсек, Ақордада Александр Лукашенконың Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі мен жеті үкіметаралық келісімге қол қойылды.



sputniknews.kz