Қазақстан мен Ресей өзара сауда айналымының өсіміне алаңдаушылық білдірді

0

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымының көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталған. Бұл екі елдің алаңдаушылығын туғызды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауда айналымы қарқынды өсіп жатқан жоқ, деді Ресей федерациясы экономикалық даму министрінің бірінші орынбасары Михаил Бабич.

2019 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш небәрі 0,8%-ке артып, 12,2 миллиард доллар (өткен жылдың сәйкес мерзімінде 12,1 миллиард доллар) болған.

«Болжамға сәйкес, биыл өзара сауда көлемі кем дегенде 2018 жыл деңгейінде сақталады. Көрсеткіш біз қалаған қарқынмен өсіп келе жатқан жоқ. Минералды өнімдердің экспорты 35%-ке қысқарды», – деді Михаил Бабич.

Сыртқы сауда бойынша Қазақстан үшін Ресей бірінші орында тұр. Михаил Бабичтің айтуынша, Қазақстан ТМД кеңістігіндегі Ресейдің негізгі серіктесі.

Ресей үкіметі төрағасының бірінші орынбасары – қаржы министрі Антон Силуанов ресейлік компаниялар Қазақстанда жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз: Тоқаев: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай күрделі мәселе жоқ

«Маңызды жобалардың бірі — «ЕвроХим» минералды тыңайтқыштар зауытының құрылысы. Инвестиция көлемі – 270 миллион доллар. Тағы 600 миллион доллар бағыттау керек болады», — деді Силуанов.

Елордада Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік жөніндегі үкіметаралық комиссияның XXI отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов 2005 жылдан бері Ресей Қазақстанға 14 миллиард доллар инвестиция жасағанын айтқан болатын. Ал Қазақстан Ресейге шамамен төрт миллиард доллар инвестициялады.



sputniknews.kz