Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Ана өмір гүлі) » ZHARAR

0

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Ана өмір гүлі) казакша Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Ана өмір гүлі) на казахском языке

Сен алғаш маған ана деп сөйлеуді үйреттің,
Мейірімді жүрегіңмен.
Сен маған тәй-тәй басып жүруді үйреттің,
Болашаққа бағыт беріп.
Сен маған күлуді үйреттің,
Қуанышқа бөлеп мені.
Сен маған жамандықтан жиіркенуді үйреттің,
Жақсылыққа куә бол деп.
Ақ сүт беріп аялап,
Мейрімділікке үйреттің.
Түн үйқыңды бөліп талай,
Тәтті ұйқыны үйреттің.
Өзің барда, өзің бар деп қуандым,
Өзің жоқта сағыныштан жыладым.
Алыс кетіп бұл күнде,
Ана мейрімін сағындым.
Ер жетсемде есейіп,
Есім кетеді бұл күнде.
Сен есіме түскенде,
Тұла бойым шымырлап.
Бүлк-бүлк етіп бауырым,
Ана үнін сезгендей.
Қайта айналып келгендей,
Елжіретеді жүректі.
Осы күнге жетізген,
Жанарды қалай ұмыталам.
Күн нұрындай шуақ шашқан,
Құшағыңды қалай ұмыталам.
Алыс кетсем абыржып,
Амандықты тілейтін.
Ауырғанда уайым жұтып,
Айығуды тілейтін.
Бар жақсылық бойымдағы,
Ақ сүтіңнен тараған.
Сені ұмыту балана,
Мүмкін емес анашым.
Сондықтан да, аналар,
Мәнгі әсем гүл болып қалыңдар.
Тіршіліктің гүліне,
Жарық сәуле шашыңдар.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com