Сауат ашудан сабақ жоспары: Адам (1 сынып,1 бөлім ) » ZHARAR

0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Адам  (1 сынып,1 бөлім ) казакша Сауат ашудан сабақ жоспары: Адам  (1 сынып,1 бөлім ) на казахском языке

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтақырыбы: Адам
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:адамның негізгі дене мүшелерін атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:дене мүшелерінің қызметін ажырата алады.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.
Психологиялықсәт:
— Қайырлы таң, көздерім!
-Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).
-Қайырлы таң, құлақтарым!
-Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).
-Қайырлы таң, қолдарым!
-Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).
-Қайырлы таң, аяқтарым!
-Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).
-Қайырлы таң, ұстазым!
-Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады)
Оқушылар орындарына отырады.
ІІ. Кіріспе тапсырма.
— Балалар сендер қандай табиғат түрлерін білесіңдер?
Жанды және жансыз.
-Жанды табиғатқа не жатады?
-Жанды табиғатқа қатысты ең басты ерекшеліктер қандай?
-Ендеше біз бүгін «Адам» тарауын бастаймыз.
Ұ) Оқушыларға мынадай қимылдарды орындатамын, мысалы:қолдарыңды бұлғаңдар, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар, бастарыңды изеңдер, мойындарыңды бұрыңдар, иықтарыңды жоғары –төмен қозғалтыңдар.
Оқушылар орындарына отырады.
Қимылдар жасаған кезде қандай дене мүшелерін атадық?
(Оқушы жауаптарын тыңдау)
( ҚБ) -Сендер дұрыс айтасыңдар, өте жақсы көрсеттіңдер.
III Жаңа сабақты меңгерту.
.1.Оқушыларға өздері білетін дене мүшелерін атату.
2. Денеміздегі жұп мүшелерді атату, олардың неге жұп екендігін дәлелдету.
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабын тыңдау)
-Бүгін сабақта сендер дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысасыңдар( тақырыбы мен мақсатын хабарлау)
-Сабақ соңында нені білеміз деп ойлайсыңдар?
Назарларын тақтадағы суретке аудару
IV.Сурет бойынша жұмыс
(Ұ)Сұлбалар. “Бейнелеу өнері” сабағында өткен“сұлба” терминін еске түсіру. Сұлба — ұсақ бөлшектерсіз бір түспен салынған заттың бейнесі. Суретке назар аударту, сұрақтар қою: Әрбір сұлбаға назар аударту.
-Қай суретте қыздардың бейнесі салынған? Оны қайдан білдіңдер? (Шаш және киім үлгісі бойынша.)
-Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма? (билеп жүр, бокспен шұғылданып жатыр, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр).
-Осы қимылдарды орындауға қандай дене мүшелері қатысты? (Аяқтары және қолдары қимылдады, басын бұрды, денесі иіледі.)
-Ендеше бізде қазір сендермен әртүрлі дене мүшелерімен қимылдар жасап көрейік.
Ойын: «Бұл кім?» (ойын шарты түсіндіріледі)
Ойын шарты: Оқушылар кезекпен шығып кез -келген мамандыққа немесе спорт түріне байланысты карточкада жазылған сөзді ішінен оқиды және соған сәйкес дене қимылын көрсетеді. Ал қалған оқушылар кімді көрсетіп тұрғанын табуы керек және сол қимылдарды қайталайды: әнші,суретші,биші,футболшы,күйші.
(ҚБ) Дұрыс жауап айтылғанда оқушылар қол шапалақтау арқылы бағалайды.
— Қимылдарды қандай дене мүшелерімен жасадық?
Қимылдарды біз әртүрлі дене мүшелеріміз арқылы жасай аламыз деген қорытындыға келеді.
V. (Ж)Тапсырмалар .1-тапсырма. Дене мүшесі-қол.
 Оқушыларға өз қолдарына мұқият қарап және жұппен оның бөліктерін анықтап көру ұсынылады.
 Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығады.
 Бас бармақ басқа саусақтарға қарама-қарсы орналасқан. Оның қызметі қандай деп ойлайсыңдар?
 ( оқушылардың жауабын тыңдау, қолмен кез-келген затты ұстап көруге ұсыныс жасау. Мысалы: қаламды ұстандар, кітапты алындар, т.с.с.)
 Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алады деген қорытындыға әкелу.
Қаңқамен жұмыс. Мұғалімнің іс –әрекеті:
Қол туралы мәлімет: — Қолдың бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма? (оқушы жауабын тыңдау, жауаптарын толықтыру). Қол- иық белдеуінде орналасқан.
 Скелеттен қол бөліктерін көрсету, атауларын естерінде сақтау үшін қайталату: иық, шынтақ, білек, білезік, саусақ. Қолдың қызметі туралы не білетіндерін өздеріне әңгімелету, толықтыру.
2-тапсырма. Дене мүшесі-аяқ.
 Оқушылардың назарын буындардың қозғалғыштығына, аяқ басындағы башпай санына аудару.
 Әр түрлі қимыл қозғалыс жасату: тізелеріңді бүгіңдер, аяқтарыңның басын оңға, солға қозғалтыңдар, отырып-тұрыңдар.
Қаңқамен жұмыс. Мұғалімнің іс-әрекеті:
Аяқ туралы мәлімет: -Аяқ бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма?( оқушы жауабын тыңдау)
 Аяқтың негізгі бөліктері қалай аталатынын айту.
 Аяқтың барлық бөліктерін (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсету.
 Аяқтың қызметі қандай ойлайсыңдар?( оқушы жауабын тыңдау)
 Аяқтың қызметі туралы әңгімелетіп, жауаптарын толықтыру.
Естерінде сақтау үшін ойын өткізу.
Ойын:
Оқушылар шеңбер жасап тұрады.Ортаға топтан бір оқушы шығып, кубикті лақтырады.Кубикте суреттегі дене мүшесін атайды, топтағы қалған оқушылар сол дене мүшесін атайды және өз денелерінен ұстап көрсетеді.
Мысалы: білек, санайды 1 білек, 2 білек
Ойын сергіту сәті ретінде өткізіледі.
(ҚБ) –Сендер ойын ойнағанда өз білетіндеріңді жақсы айтып бердіңдер. Өте жақсы, тамаша!
(Т) Зерттейік.
Оқушылар төрт топқа бөлінеді
Әр топқа түрлі тапсырмалар беріледі.
1-топ: Скелетке негізгі дене мүшелерінің атауларын жапсырады.
2-топ: Дене бөліктерін жинастырып, адамды құрайды және дене мүшелерінің атауларын жапсырады
3- топ: Мәтін беріледі. Сол мәтіндегі көп нүктенің орнына керекті сөздің суретін тауып жапсырады, сөйлемдерді оқиды.
4- топ: Қол және аяқ сөздері беріледі. Сол сөздерге қатысты қимылдарды тауып жазады.
(ҚБ) Әр топ өзінің жұмысын қорғайды.Бір топ келесі топтың жұмысын «Бағдаршам» көздері арқылы бағалайды. Тапсырма дұрыс орындалды деп ойласа жасыл түсті көзін көрсетеді, жартылай дұрыс болса сары көзін, дұрыс емес болса қызыл көзін көрсетеді.
Қорытынды:-Балалар қалай ойлайсыңдар, адамға қай дене мүшесі ең маңызды, ең керекті? (оқушы жауабын тыңдау)
(Ұ) Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасаймын. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өз қызметін атқарады деген қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің болатын/болмайтынын сұрау.. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын,­ сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіру. Осы жерде мүмкіндігі шектеулі адамдар жөнінде әңгімелеп кетемін
Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдаржайлы айтқанда, Паралимпиадаға қатысушылар жайлы, оның ішінде 2016 жылы Рио паралимпиадасына қатысқан қазақстандық тар жөнінде видеожазба көрсету, әңгімелеу. Бұл адамдар мақсатқа жетуде батылдық пен табандылықтың үлгісі болып табылатынын айту. …..


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com